«Математика» пәні бойынша оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген
«Алгебра» пәні бойынша оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген
«Геометрия» пәні бойынша оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген Оқу бағдарламаларының мазмұнындағы ерекшеліктер
күтілетін нәтижелер шиыршықтық ұстаным бойынша құрылған математиканың әрбір бөлімінің оқу мақсаттары жүйесі түрінде ұсынылған.
«Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімінің тақырыптамасы кеңейтілді, шынайы құбылыстар мен үдерістердің ықтималдық моделдері, кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау оқу қосылған.
Әр түрлі мәнмәтіндегі үдерістерді сипаттау үшін математикалық модельдерді құру біліктерін дамытуға, қолданбалы есептер шығару арқылы зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
6.2.1.3 алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу
Бағдарламада, оқу мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді.
Мысалы, 6.2.1.3. кодында «6» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «3» - оқу мақсатының реттік саны.
Әр түрлі математикалық есептерді шығару мақсатында АКТ-ны қолдану
Математиканы оқыту үдерісінде АКТ-ны қолдану келесіні қамтиды:
тапсырмаларды құрастыру, ақпараттармен және ой-пікірлермен алмасуы (стандартты емес есептер, жобалар);
оқушыларда ақпаратты іздеу, оны таңдау, деректер мен құбылыстар арасындағы байланыс пен айырмашылықты салыстыру және орнатумен байланысты жұмысты өздігінен орындау дағдыларын дамыту;
оқушылардың графиктерді және геометриялық сызбаларды салуда бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдануы (Paint, kahoot, GeoGebra, 1C: Математикалық конструктор);
оқушылардың өз білімін жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында электрондық ресурстарды қолдану;
интернет-олимпиадаларға, қашықтық олимпиадаларға, вебинарларға, конкурстарға және басқа да онлайн жобаларға қатысу арқылы оқушылардың математикалық қабілеттері мен шығармашылық белсенділігін дамыту;
математикалық тапсырманы (геометриялық фигураларды құрастыру және оригами) орындау барысы туралы бейнекөрініс жасау;
арнайы бағдарламалардың көмегімен бағалау тапсырмаларын құрастыру;
математиканың түрлі бөлімдерін оқу барысында көрнекілікті қамтамасыз ету (мысалы, геометрияны оқуда 1C:Математикалық конструктор, GeoGebra бағдарламаларын қолдану);
әр түрлі қосымшалардың көмегімен оқушылардың математикалық модельдеу дағдыларын жетілдіру (мысалы, MS Excel, MS Access);
оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайтын электрондық оқулықтар арқылы оқыту.