Пәндерді оқудың мақсаттары Бағдарламаның «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын дамытуға жағдай жасау;
математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал ету;
әр түрлі мәнмәтіндегі есептерді шығару үшін санды қатынастар мен кеңістіктік пішіндерді оқып білуге болысу
шынайы үдерістердің математикалық модельдерін құру және оларға талдау бере алу дағдыларын дамыту;
логикалық және сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
коммуникативтік, әр түрлі дерек көздерінен ақпаратты іздеу және пайдалану дағдыларын дамыту;
жеке жұмыс жасауға, сондай-ақ топпен жұмыс жасауға қажетті дербестік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық және толеранттылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту;
қоғамның ілгерілеуі үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету;
математиканы оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану дағдыларын дамыту.
«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Өз жұмыстарында мұғалімдер келесі нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек: