4. Конкурстың мазмұны және кезеңдері
Конкурс мазмұнында психологтің білім беру процесінде кәсіби шеберлігін, психологиялық-педагогикалық қызмет саласында өзін-өзі таныта білу қабілетін көрсетуге, білім беру процесінде психологиялық міндеттерді жобалау және шешуге мүмкіндігін беретін тапсырмалар, психолог мамандығы туралы, өзінің кәсіптік көзқарасы туралы эссе жазу қарастырылған.
I кезең – аймақтық, аймақтық ғылыми-практикалық орталықтар, сондай-ақ, облыстық білім беру басқармалары өткізеді.
II кезең – іріктеу (сырттай), эссе жазу.
III кезең – қорытынды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.
Конкурсқа тек қана тәжірибеде қолданыста жүрген, апробациядан өткен нақты тәжірибелік қорытындысы бар жұмыстар ғана ұсынылады.
5. Конкурстың номинациялары
«Психологиялық қобдиша» ерекше әдістемелік әзірлемелер;
«Ең креативті психолог»;
«Ең үздік психологиялық элективтік бағдарлама»;
«Оқушылармен дамыту жұмыстарының үздік сценарииі»;
«Ата-аналарға, педагогтарға арналған ең үздік психологиялық іс-шараның әзірлемесі»
Мына тақырыптарда ең үздік эссе:
«Мен және менің мамандығым»;
«Психология – болашақтың мамандығы»;
«Психолог және Мен»;
«Менің кәсіби ұстанымым».
Достарыңызбен бөлісу: |