Білім беру мекемелерінің психологтарына арналған
«Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсын
ұйымдастыру және өткізу ережесі
(бұдан әрі –Конкурс)
Конкурс психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық практикалық білім алу қызметін дамыту, отандық білім берудің бәсекелістігін, тиімділігін, гуманистік бағытын арттыруға ықпал ететін психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.
Конкурстың басты шарты дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары психологтарының шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелері мен психологиялық-педагогикалық идеялар, жобалары, іс-тәжірибелерімен алмасу.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: |