Керікті сөзді көрсет және ата
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с - з, с - ц, ш - ж, ч - щ, с - ш, з - ж, ц - ч, с - щ, л - р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету
Ойын барысы:
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
С Асқат пен Мақсат
Жамап – жасқап,
Жасапты он шақты аспап,
Соның ішіндегі
Ақ сапты аспабы
Жап - жақсы аспап
З Сыздық судан сүлік сүзді,
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шығып,
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.
Кім жақсы тыңдайды?
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеуді үйрету.
Ойын барысы:
1 - нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырымен қарап тұрады, сосын тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ).
Сөздер: шалқан, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді.
2 - нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.
3 - нұсқа.
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді.
Сөздерді дауыстап және ақырын айту
Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру.
Ойын барысы:
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда:
Сыздық судан сүлік сүзді
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады.
Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |