Білім беру салалары бойынша дидактикалық ойындар үлгілері қазақ тіліндегі дидактикалық ойындар



бет20/41
Дата22.11.2022
өлшемі102,51 Kb.
#51880
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР үш тілде

Қандай дыбыс барлық сөзде бар? 
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау. 
Ойын барысы: Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады. 
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі - с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р; 
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды. 
Сөздегі бірінші дыбысты ата 
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту. 
Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай дыбыстан басталатынын сұрайды. Содан кейін басқадай сөздер беріледі: достарының аттары, жануарлар, заттар. Дыбыстардың нақты айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу б-бэ емес) 
Сөздегі соңғы дыбысты ата 
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту. 
Қажетті құралдар: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас ) 
Ойын барысы: 
Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын екінші жаққа бөлінеді. 
Асықпай ойлан 
Мақсаты: Балаларға тез ойлауына бірнеше тапсырмалар беріледі, және сөзде берілген дыбысты анықтаушылығын тексеру 
Ойын барысы: 
«Бал» сөзіндегі соңғы дыбысқа сөз ойлап табу. 
Қар сөзіндегі соңғы дыбысы бар құстың атын есіңе түсір (торғай, тырна, қарға...) 
Бірінші дыбысы қ – болатындай, соңғы дыбысы Ш болатындай сөздерді ойлап тап. (Қарандаш, Қәмәш, қамшы, қайшы…) 
Егер ТО-ға бір дыбысты қосса қандай сөз болады? (тон, тор, тоқ, топ) Барлық сөздер бірдей дыбыстардан басталғандай сөйлем құрастыр: ж - Жазда Жанат және Жанар жылғаның жағасында жарысып жүгірді. 


Орыс тіліндегі дидактикалық ойындар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет