Картбаева Б. 10 В класс Қазақ тілі мен әдебиеті Қазан айының жиырма бірі
Білім беру саласы: Таным.
Тақырыбы: Отбасы мүшелері.
Мақсаты:Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру,сөйлем құрап айтуға,дыбыстарды анық,таза жеткізе білуге дағдыландыру.Отбасында үлкендерді сыйлап,кішілерге қамқор болу сияқты әдептілікті сақтай білуге тәрбиелеу.
. Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасы мүшелерінің суреттері,үлестірмелі суреттер көрсету,түсіндіру,әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: отбасы
. Билингвальды компонент: отбасы-семья,әке-папа,ана-мама.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
.Шаттық шеңберін құру.Ә.Қонарбаевтың «Бала,бала,балақан»әні орындалады.
Бала,бала,балақан
Кәне қайсы алақан
Саусақтарың әйбат,
Былай,былай ойнат....
|
Балалар шттық шеңберінде өлеңді қайталап,оның мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыспен жасайды.
|
Ұйымдастыру-шылық-
ізденістік
|
1. Әңгіме жүргізу.
-Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?.
-Ия,біздің шаттық шеңберіміз кигіз үйге ұқсайды.Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады.Шаңырақ-отбасының белгісі.Әр адам,үлкен болсын,кіші болсын өз үйін жақсы көреді,себебі ол үйде оның отбасы тұрады.Отбасы дегеніміз бір үйде тұатын адамдар тобы.Отбасы мүшелері-әке,ана жәнеолардың балалары.Отбасының болуы-үлкен бақыт.Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы- ол бақыт,
Отбасы-ол ата-ана,
Отбасы-туыстарымыз,
Отбасы-ол шаңырақ.
-Әр адамның өз үйі болады.Онда оның отбасы мүшелері болады.Олар ата,апа,әке,ана,әпке,аға,іні,қарындас т.б.
2.Сергіту сәті.Е.Өтетілеуұлының «Бес
|
Балалар жауап беруге тырысады.
Балалар бірге қайталауға тырсады.
Мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Саусақтары көрсетіп айтады.
-Ата,апа,әке, анасы шәй құйып отыр.
|
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік
|
саусақ»өлеңімен орындалады.
3.Суретпен жұмыс.Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.
-Мына отбасында ата,әже бар екен,балалар,тағы кім бар?
-Төрде кім отыр?
-Дұрыс айтасыңдар.Атаның жанында әже шәй ішіп отыр.Шайды кім құйып отыр?-Барлығымыздың үйімізде анамыз,әкеміз,атамыз бен әжеміз бар ғой?
4.Үлестірмелі материалмен жұмыс.Менің отбасым»Берілген суреттердің ішінен отбасы мүшесін табу.
5Ойын.Кім тез табады?Шарты.текшеде отбасы мүшелерінің суреттері көрсетілген.
|
Педагогтің көмегімен орындайды.
Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін атайды.
|
Рефлексиялық-
түзетушілік
|
6.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып,үйренгендерін пысықтаймын.
|
Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелейді.
|
Күтілетін нәтиже:отбасы мүшелерінің тусқандық қарым-қатынасын түсініп,бір-біріне қамқор болу керектігін біледі.
игереді: отбасы мүшелерін білді.
меңгерді: отбасындағы әдептілік қағидаларын меңгерді.
Достарыңызбен бөлісу: |