Білім берудегі интеграция. Инклюзивті білім берудің дамуы дәріс 1: Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізудегі қоғамның көзқарасының дамуы



бет5/11
Дата06.01.2022
өлшемі45,53 Kb.
#16329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Инклюзия» терминіне анықтама бере кетсек, инклюзивті білім беру (франц. Inclusif - өзіңе енгізуші, латын тілінен include-бекітемін, енгіземін) жалпы білім беретін мектептердегі ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқыту процесін бейнелеу үшін қажетті термин. Инклюзивті білім берудің негізіне идеология жатады. Ол балалардың кез келген дискриминатциясын жояды, яғни ол барлық адамдарға бірдей қалыпты қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, бірақ ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайды.

Инклюзивті амал - баланың әртүрлі білім беру қажеттілігін және сол қажеттілікке сәйкес қызмет көрсетілуін қамтамсыз етілу арқылы білім беру процесіне қатысуын, білім берудегі қарсы шығушылық пен шектеушілікті азайтып, қоғамның назарын аударады.

Инклюзивті білім беру - дене, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік және т.б. ерекшеліктеріне қарамастан білім алуына, тәрбие мен оқытудың жалпы процестеріне қатысуына мүмкіндік беріп, өсіп келе жатқан тұлғаның қоғамның тең мүшесі болуына жол ашып, шектеушілік пен оңашалау қауіп-қатерін төмендетеді.

Кез келген мемлекетте арнайы білім беру жүйесінің дамуы қоғамның мәдени нормалары мен құндылық бағыттарының негізінде жүзеге асырылады. Демек арнайы білім беру жүйесінің даму кезеңдері әр мемлекеттің және қоғамның даму тарихымен тығыз байланысты. Дамуында ауытқуы бар тұлғаға қоғамның қатынасы бірнеше факторлармен анықталады, оның ішіндегі негізгі факторлардың бірі – саяси әлеуметтік экономикалық, сонымен қатар халықтың философиялық көзқарасы, діни адамгершілік деңгейі болып табылады.

«Қазақстан Республикасының балалар құқығы» туралы заңы ҚР-ның Конституциясында қарастырылған баланың қызығушылығы мен негізгі құқықтарын жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейді. Заңға сәйкес барлық балалар шығу тегі, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, діни қатынасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық күйіне және басқа да жағдаятарға қарамастан тең құқыққа ие.

2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз сапалы тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген. Қазақстанда мүмкіндігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тексерулерді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында, «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», Қазақстан Республикасында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында бекітілген.

Осыған орай, Р.А.Сүлейменова мен Г.Д.Хакимжанова түрлі типтегі инклюзивті мекемелердің жүргізілген тәжірибесін талдау негізінде жұмыстарының ортақ тенденциясы мен қағидаларын анықтауға мүмкіндік берді. Мұғалімдердің көбі үлкен мән беретіні:


  • түзете-дамыту мен оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру мен жоспарлау кезінде зиятының даму деңгейін, қажеттіліктерін және физиологиялық функцияларын бағалауына;

  • оңалту және оқыту бағдарламасын кешенді жүзеге асыруына;

  • бірлескен және қарым-қатынас жасауда, оқыту мен тәрбиелеуде ата-аналар мен қалыпты деңгейдегі баланың қатысуы;

  • отбасына психологиялық қолдау көрсету.

Р.А.Сүлейменова инклюзивті білім беру арқылы баланың толық қосылуын қамтамасыз ету үшін адамдарды бөлетін тосқауылдарды жою үшін ортақ білім беру жүйесінің дамуында және мемлекеттік саясатта өзгерістер болатының болжап көрсеткен. Дейтұрғанымен, инклюзивті білім беру жүйесі тек мектептегі білім алуды ғана қамтып қана қоймай, оған қоса күрделі ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталықтарында болу, үйде тәрбиеленетін балаларға бару және тағы сол сияқты жұмыс формалары бар.

2002 жылғы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, еңбек және кәсіби даярлығына байланысты проблемаларды шешуде тиімді жүйені құруға бағытталған қолдау көрсетудің әдістері мен формасын анықтайды.



Заңда мүмкіндігі шектеулі баланың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етудің арнайы жағдаяттары қарастырылған:

  • жалпы кешенді медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік тексеріс пен кәсіби диагностика жасау, оңалтудың жеке бағдарламасын құрастыру, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсету мен кәсіби еңбекке үйрету жолдарымен туғаннан бастап кәмелет жасқа келгенше көмек көрсетіледі;

  • мүміндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі мен Республика бойынша балалардың даму мониторингісін құру;

  • арнайы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызмет көрсету мекемелерінің дамуы;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға кіріктіру;

  • мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

  • мекемені ғылыми және ұйымдастырушылық-әдістемемен, кадрлармен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді Мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей:

  1. Арнайы білім беру ұйымдарын, түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін, арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру пунктерін сақтай және кеңейте отырып ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау көрсету.

  2. Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жеке бағдарлама құрастыру.

  3. Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және жаңа білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан өткізу.

  4. Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде мүмкіндігі шектеулі әр балаға «тосқауылсыз» жағдай мен ортаны құру.

Инклюзивті білім беру түсінігі тек білім беру жүйесіне ғана емес сонымен қатар қоғамдағы адамның алатын орнын анықтауға жаңа көзқарастардың туындауына септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет