Басқару үдерісі – бүтіндей жүйені қамтамасыз ететін, оны жаңа жағдайға сай дамытатын, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге тиімді ықпал жасайтын, ұжымның мақсатын анықтап, оны жүзеге асыру үшін қажетті жоспарлау, ынталандыру, талдау және бақылау-бағалау үдерісі.
Басқару үдерісі – бүтіндей жүйені қамтамасыз ететін, оны жаңа жағдайға сай дамытатын, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге тиімді ықпал жасайтын, ұжымның мақсатын анықтап, оны жүзеге асыру үшін қажетті жоспарлау, ынталандыру, талдау және бақылау-бағалау үдерісі.
Мектептегі жаңашылдықты басқару міндеттері:
- Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;
- Дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушылардың алған білімді жүйелеуі;
- Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында мұғалімнің уақытын үдемдеу және оқытуда тиімді пайдалану.
Білім беру мазмұнын игерту әдістері:
білімді кіріктіру;
талдау, жинақтау, салыстыру, біріктіру;
саралау әдісі;
спиральдық әдіс;
аралас құрылым әдістері.
М.С.Каган, Т.И.Шамова зерттеулерінде әрекеттерді менеджмент тарапынан басқарудың төмендегі түрлері көрсетілген:
Құндылықтық-мотивтік: тұлғаны инновациялық әрекеттерге әкелетін өз құндылықтары жүйесі, ынтасы, қажеттіктері, белсенділігі;
Мазмұндық-әдістемелік: оған тұлғалық және кәсіби дамуы арқылы игерілетін инновациялық білімі мен әдіс-тәсілдері;
Рефлексиялық: педагогикалық әрекет барысындағы талдау және нәтижені қорыту. Әрекет барысын, нәтижесін рефлексиялық талдай білу басқарудың жаңа бағыттарының инновациялық әрекеттердің іске асырылу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
М.М.Поташниктің менеджмент негізінде мектепті басқару :
Табиғатпен сәйкестік
Мәдениетпен сәйкестік
Синергетикалық
Интеграциялық
Шығармашылық -дамытушылық
Диалогтік
Кері байланыстық
Рефлексиялық ұстанымдарынан тұрады.