Тақырып№1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспар Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде
Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы
Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты
Менеджменттің америкалық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері
Негізгі түсініктер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды.
Менеджмент ынтымақтаса қызмет атқаратын адамдар тобы өздерінің күш-жігерін ортақ мақсаттарға жетуге бағыттайтын үдеріс ретінде;
Менеджмент қарым-қатынас тәсілі, сонымен қатар, әкімшілік қарым-қатынас дағдылары ретінде;
Менеджмент айрықша басқару түрі ретінде;
Менеджмент – қажетті нәтижеге немесе алға қойылған мақсаттарға басқа адамдардың күш-жігері арқылы қол жеткізу өнері немесе әдіс-тәсілдердің, қағидаттардың және басқару нысандарының жиынтығы, яғни басқару өнері.
Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен шыққан ол бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең кең тараған түрі. Ол басқару түрі экономикамен шұғылданатын заң және басқада мәселелерді жақсы білетін адам. Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама беріледі. Американдықтардың түсінігінше мұндай адамдардың, міндетіне өзіне бағынатын белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Еуропалықтардың түсінігінше менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып нақты жұмысты ұйымдастыратын адам.
Экономикалық ғылым аясында дүниеге келген (Ф.Тейлор, Г.Черч, А.Файоль, Г.Эмерсон, Г.Форд, Х.П.Циммерман) менеджмент жедел дамып, сан алуан аспектілері бар пәнаралық теорияға айналды.
Бұл ғылыми-практикалық бағыт психологияда белсенді қарастырылуда (Э.Мэйо, Д.Рена, Г.С.Никифоров, Ю.Н.Сливкин және т.б.) және педагогикада (Т.М.Баймолдаев, В.Д.Белиловский, К.П.Вазина, Ю.А.Конаржевский, Н.В.Кухарев, Н.А.Лебедева, Ю.Н.Петров, А.А.Семченко және т.б.) зерттелуде.
Ғылыми басқару мектебі. Осы мектептің пайда болуы Ф. Тейлормен байланысты. Оның басты еңбегі Фабриканы басқару ғылыми менеджмент принцптері арнайы комисия алдында көрсетті. 1880 жылы инженер білімі алғаш американ ғалымы Ф. Тейлор еңбек процесін зертеп бастаған. Тейлор еңбегін жалғастырған Генрик Форт болды. И. Гант, Ф. Гилборт, Л. Гилберт, К. Стенфорт, Ф. Тейлордың негізгі қағидалары:
Практикасы қалыптасып дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми ірге тасын құру. Әрбір элементтің ғылыми тұрғыдан зертеген .
Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау.
Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластыру практикаға енгізу жүргізгенде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
Еңбекті бір келкі бөлісу және әкімшілік арасындағы жауапкершілік.
Классикалық немесе әкімшілік мектебі 1920 – 1950 ж. Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеуін негізінен өндіріс басқаруға арнады. Олар басқару деңгейінен төменгі сатыдағы еңбек өнімінен артуымен шұғылданып, әкімшілік мектебі пайда болды. Кейінен мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принцптерін ойластырды. Бұл мәселелер Файольдің есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектептің көрнекті ғалымы деп есептелді.
Файоль пікірінше әкімшілік ету жан – жақты қызмет алқымымен қамтамасызданды. Басқарудың бір бөлігін және техникалық, компаниялық сатып алу,қорғаныстық, бухгалтер, әкімшілік әкімшілік функцияны талдайды. Файоль оны 5 элементке бөліп көрсетті:
Жоспарлау
Ұжымдастыру
Басшылық ету
Үлестіру
Бақылау
Файоль әкімшілік басқарудың бір қатар принцптерін ойластырды. Оның пікірінше олар кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принцптері менеджерді өз қызметтерін қалай орындау екендігін көрсетеді. Оның менеджментке арналған 14 принцпінде басқарушылардың қызмет қалай орындау екендігін көрсетеді.
Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қана қарамай, оларды өзін-өзі жетілдіретін және өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындайды. Маслоу бұл қажеттіліктерді 5 категорияға бөледі.
Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек.
Қауіпсіздік, қорғану, және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп-қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы жатады.
Әлеуметтік қажеттілік – бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.
Құрметтеу қажеттілігіне өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің өзін құрметтеуі, мақұлдауы жатады.
Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін жеке басының өсіп-жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.
Педагогикалық менеджмент әрекетті жүйе ретінде өзіне келесі құрылымдық-функционалдық компоненттер мен жүйені түзетін факторларды енгізеді: қызмет мақсаты (жоспарланған , күтілетін нәтиже), қызмет субъектісі (директор, оның орынбасарлары, оқытушылар, білім алушылар, студенттер және т.б.), қызмет мазмұны (оқу, басқарушылық және басқа ақпарат), қызмет тәсілдері (оқытушының білім алушымен, басшының оқытушымен өзара әрекеттесу әдісі, стилі).