Тұлға аралық қарым-қатынас- адамдар арасындағы өзара байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың бір-біріне әсер етуі тәсілдерімен және мінез-құлықтан көрініс береді.
Девианттық мінез-құлық (ауытқу)-қоғамда қалыптасқан құқықтық және адамгершілік нысандарға қарама-қайшы келетін әрекеттер. Д.м.қ. негізгі түрлері-құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын торальға қайшы мінез-құлық.
Делинквент (құқық бұзушы)-кейбір шектен тыс жағдайда іс-әрекеті қылмыстық жазалауға алып келетін, мінез-құлқында ауытқуы бар субьект.
«1» Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар- баланың психикалық дамуындағы сенсорлық ақаулардың (саңыраулық, нашар есту, соқырлық, нашар көрушілік), орталық жүйке жүйесі жарақаттануының (ақыл-естің кемістігі, дамудың тежелуі, қозғалыстың бұзылуы, сөйлеудің күрделі кемістігі) салдарынан болған нормадан ауытқушылық.
Педагогикалық психология-педагогикалық үрдістің психикалық құбылыстары мен заңдылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.
Жеке даралық-тұлғаның әлеуметтік маңызды сапаларының ерекше және қайталанбас көріністері.
Кәсіптік бағдар-мамандық пен қызмет таңдаудағы қолайлысын табуды мақсат еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-шаралар кешені.
Қарым-қатынас психологиясы-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысатын психологиялық ғылым саласы (іскер,дипломатиялық, ұжымдық, жанұя, қызметттік ж.т.б.)
Психологиялық түзету- тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы.
Әлеуметтік сұраныс-білім беру мекемесі әкімшілігінің, ата-ананың, педагогтардың, тәрбие мәселелері бойынша жұмыс істейтін басқа да мекемелердің сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған психолог жоспарынан тыс іс-шара.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты- мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтаныр ұйымдастыру.
Мектептегі психологиялық қызметке қойылатын талаптар өте көп. Осы талаптарды орындау психологтың кәсіби біліктілігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Басты талаптар:
балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау;
бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуін тездету және үлгермеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында пән мұғалімдерімен бірлесе отыра арнаулы бағдарламалар жасау;
оқушылардың дамуындағы «дағдарыс», «өтпелі», «қиын» кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу;
үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық-коррекциялық жұмыстар жүргізу;
оқушылардың ұстаздарымен, ата-аналарымен, өз құрбыларымен қарым-қатынас бірлігін орнату;
кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;
мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың
психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер
беру.