Психологиялық қызметті жүргізуші психолог-мамандардың құқықтары: Мектептің ерекшелігіне байланысты жұмыстың тиімді бағыттарын анықтауға құқылы.
Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың нақтылы міндеттерін белгілеп, жұмыстың әдістері мен түрлерін таңдауға құқылы.
Психологиялық қызметтің ережелеріне қайшы келген жағдайда әкімшіліктің бұйрығынан бас тартуға құқылы.
Оқушылардың тағдырын шешуге байланысты құрылған комиссиялар мен түрлі ұйымдардың жұмыстарына кеңесші дауыспен қатысуға құқылы.
Мектептегі қажетті құжаттармен танысуға, дәрігерлік мекемелерге тапсырыстар беруге құқылы.
Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге, психологиялық диогностика мен түзету жұмыстарының жаңа әдістерін өз тәжірибесінде қолдануға, олардың тиімділіктерін анықтауға құқылы.
Мектеп әкімшілігімен келісу арқылы жоғары органдардың алдына оқушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған сұраныстармен шығуға құқылы.
Мектеп оқушыларының кәсіби мүмкіндігін анықтау мақсатында кәсіптік бағдар беру орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.
Мектептегі психологиялық қызметті жүргізудің негізгі бағыттары І. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отыра, олардың психологиялық сауатын
көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру.
Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
Балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес,зейін,ерік,ойлау,сөйлеу, қабылдау т.б.)
Бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру.
Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеумен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау.
Оқушылардың әрбір психикалық процестерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру.
Арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау.
Интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу.
Педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру,
ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді
байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.