«Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК
«Қазақ тілі» пәнінен бөлім бойынша
жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
8-сынып / 1-тоқсан
/Қашықтан оқыту кезеңі/
Нұр-Сұлтан қаласы, 2020
Оқушылардың қашықтан оқыту кезеңінде бірінші тоқсанда «Қазақ тілі» пәнінен 8-сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалауды жоспарлауға, ұйымдастыруға, мұғалімге әдістемелік ұсыныстар жасалды. Ұсыныстар оқу бағдарламасы мен оқу мақсаттарына негізделіп дайындалды.
Бағалаудың бекітілген тәртібіне сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқушыларға тоқсандық жиынтық бағалауға жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу үшін, өтілген оқу мақсаттарына сай тапсырмалар құрастырылды және тапсырмаларға бағалау критерийлері мен дескрипторлар және ұпайлар ұсынылды. Сонымен қатар, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен ұпайлары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау кезінде ресми интернет-сайттарында көпшілікке қол жетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, видео мен аудио материалдар және т.б.) пайдаланылды.
Құрастырған:
Карамурзина Маржан Жалаубайқызы
Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пән: Қазақ тілі
Сыныбы: 8-сынып
Бөлім: «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»
«Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика»
Достарыңызбен бөлісу: |