географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын
құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр болу;
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау
дағдыларының болуы.
80. Арнайы құзыреттер жоғары білімнің әр мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілер
талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып анықталады.
81. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған білім деңгейі әртүрлі
бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
82. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін
бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Офис регистратор
(бөлім, сектор) жүргізеді және бақылау мен бағалау оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.
83. Офис регистратор білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол студенттердің бекітілген
үлгідегі транскрипінде көрінеді.
Транскрипт студентке білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
84. Бітірушілердің білімін, шеберлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде
жүзеге асырылады.
85. ЖОО бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарында
қарастырылған кезеңде мамандық (мамандықтың оқу пәндері) бойынша мемлекеттік емтихан(-дар) тапсыру және/немесе
дипломдық жұмыс (жоба) қорғау нысанында өткізіледі.
86. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі
және/немесе біліктілік беріледі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере алады.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына 1-қосымша
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу
мерзімі - 4 жыл)
№
Қызмет түрлері
Кредит
саны
Апта
саны
Жалпы
сағат
саны
Оның ішінде
Орташа
апталық
жүктеме
аудиториялық/оқытушымен
байланыстағы сағаттар
СӨЖ
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Теориялық оқыту
(1:3)
129
105
5805
1935
3870
55,3
2
Дене шынықтыру (4
семестр) (2:0)
8
60
240
240
-
4,0
3
Қорытынды
аттестаттау (1:6)
оның ішінде:
3
6
315
45
270
52,5
1) мемлекеттік
емтихан (1 МЕ үшін)
2) диплом жұмысын
жазу және қорғау
1
2
2
4
105
210
15
30
90
180
52,5
52,5
БАРЛЫҒЫ
140
111
6360
2220
4140
-
4
Практика
(кәсіптік), оның
ішінде:
6
5-11
150-
330
90
60-
240
30,0
1) оқу (1:0)
2
1
30
30
-
30,0
2) педагогикалық
(1:1)
4
4
120
60
60
30,0
3) өндірістік (1:4)
4
10
300
60
240
30,0
5
Демалыс
-
63-
57
-
-
-
-
6
Емтихан сессиясы
(7х3 апта)
-
21
-
-
-
-
БАРЛЫҒЫ (52 апта х
4 жыл - 8 апта=200)
146
200
6510-
6690
2370
4140-
4320
ЕСКЕРТПЕ:
1. Бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың
кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
2. Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады
(мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте бакалавриаттың барлық мамандықтары
бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде, ал педагогикалық немесе өндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы
тиіс.
4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары студенттің апталық жүктемесіне
енбейді.
5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы
тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).
6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7
аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы
мүмкін.
8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы
мүмкін.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына 2-қосымша
Жоғары арнаулы білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу
мерзімі - 5 жыл)
№
Қызмет түрлері
Кредит
саны
Апта
саны
Жалпы
сағат
саны
Оның ішінде
Орташа
апталық
жүктеме
аудиториялық/оқытушымен
байланыстағы сағаттар
6
БӨЖ
1
2
3
4
5
2415
7
8
1
Теориялық оқыту
(1:2)
161
135
7245
240
4830
53,7
2
Дене шынықтыру
(4 семестр)
(2:0)
8
60
240
45
-
4,0
3
Қорытынды
аттестаттау
(1:6), оның
ішінде:
3
6
315
15
30
270
52,5
1) мемлекеттік
емтихан (1 МЕ
үшін)
1
2
105
2700
90
52,5
2) диплом
жұмысын жазу
және қорғау
2
4
210
180
52,5
БАРЛЫҒЫ
172
141
7800
90
5100
30,0
4
Практика
(кәсіптік),
оның ішінде:
6
11
330
30
240
30,0
1) оқу (1:2)
2
1
30
60
-
30,0
2) клиникалық,
өндірістік және
т.б. түрлері
(1:4)
4
10
300
240
30,0
5
Демалыстар
73
6
Емтихан
сессиясы (9х3
апта)
27
2790
Барлығы (52
апта х 5 жыл -
8 апта =252)
178
252
8130
ЕСКЕРТПЕ:
1. Біліктілік алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіптік практиканың кемінде 6
кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
2. Мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит
жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте жоғары арнаулы білімнің барлық
мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде, ал педагогикалық немесе өндірістік практи ка 4 кредиттен кем
жоспарланбауы тиіс.
4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары студенттің орташа апталық
жүктемесіне енбейді.
5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы
тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).
6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7
аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы
мүмкін.
8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы
мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты
1-бөлім. Магистратура
1 Жалпы ережелер
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
Заңының
негізінде әзірленді және магистратураның
білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына,
магистранттардың дайындық деңгейін және академиялық дәрежені бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) магистратура – тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып:
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42
кредитін, кәсіптік практиканының кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде
меңгерту;
бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, кәсіптік
практиканың кемінде 2 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту арқылы
ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің
кәсіптік оқу бағдарламасы;
2) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
3) магистрлік диссертация – тиiстi ғылым саласының нақты мамандығының өзекті проблемаларының бірін магистранттың
өз бетінше ғылыми зерттеуінің нәтижелерін жинақтау болып табылатын бітіру жұмысы.
2. Магистратура бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан магистратураның
тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге
асырады.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары магистрлер даярлауды:
1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
2) осы стандартқа және магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
3) оқу жұмыс жоспарларына;
4) академиялық күнтізбеге;
5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;
7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Ғылыми, педагог және басқарушы кадрларды магистратурада даярлау екі бағытта:
1) 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогикалық;
2) кемінде бір жыл оқу мерзімімен бейіндік бағыттарда жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орны магистратурада оқу мерзімін алдыңғы дайындық деңгейінің білім беру бағдарламасының бейініне
сәйкес келуіне және пререквизиттердің болуына байланысты өзгерте алады.
5. Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін
кәсіптік даярлығы терең басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асырады.
Бизнес ортасы үшін мамандар даярлау мақсатында жоғары оқу орны MBA бағдарламасын іске асыра алады. MBA кәсіптік
білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру
саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
6. Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылым саласы
үшін ғылыми-педагогикалық даярлығы терең ғылыми және педагогикалық мамандарды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.
7. Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
8. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған
тұлғаға «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.
9. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
1) магистранттардың даярлық деңгейiне және жоғары оқу орындарының бiлiм беру қызметiне міндетті талаптар қою
есебінен бiлiм сапасына кепiлділікті қамтамасыз ету;
2) білім беру қызметі субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) магистранттардың даярлығын және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың объективтілігі мен
ақпараттылығын арттыру;
4) магистранттардың академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы Қазақстан Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру
кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.
10. Магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне сәйкес келуі және білім беру
бағдарламаларының құрылымына, көлемі мен мазмұнына, нормативті оқу мерзімдеріне және магистранттарды даярлау деңгейіне
қойылатын талаптардың жиынтығын айқындауы тиіс.
11. Жоғары оқу орнының магистратура мамандықтарының тізбесі Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.
12. Магистратура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары
Ұлттық біліктілік шегіне
,
кәсіптік
стандарттарға
сәйкес, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру бағдарламаларын
өз бетінше әзірлейді.
Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін
студенттердің алған білімінің деңгейі мен көлемін, біліктілігі, дағдысы мен құзыреттерін сипаттайтын Дублин
дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына
негізделеді.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
14. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыстардың
түрлерінен тұрады және олардың ара қатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.
15. Магистратураның білім беру бағдарламасында:
1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруді қамтитын теориялық оқыту;
2) магистранттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіптік тағылымдама түрлері;
3) ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу
жұмысы;
4) бейіндік магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын эксперименталды-зерттеу жұмысы;
5) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.
16. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің негізінде жүзеге асырылады.
Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысаны, құрылымы және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі
анықтайды.
17. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың көлемі бойынша жүзеге асады және
оқудың нақты нәтижесіне жетуге қажетті магистранттар мен оқытушылардың еңбек шығындарының өлшем бірлігі болып
табылатын кредиттермен өлшенеді.
Бұл ретте алдыңғы білім деңгейлерінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе қолданылады.
18. Магистранттың магистратураға түсер алдында магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге
қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда
магистратурада білім алу магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.
19. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін
санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 2 немесе 3 кредит көлемімен бағаланады.
20. Магистратураның оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
21. Әрбiр оқу пәнінің қайталанбайтын бір атауы болуы тиіс. Ол бiр академиялық кезеңде меңгеріліп, аяқталған соң
магистрант емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар
(жобалар), магистранттардың ғылыми-зерттеу (эксперименталдық-зерттеу) жұмыстары бойынша дифференциалды сынақ
тапсырады.
22. Магистратураның білім беру бағдарламалары пәндерді оқудың модульді жүйесі негізінде жобаланады.
23. Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті пәндерінен тұрады.
24. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің
48%-ын құрайды, оның ішінде 40% міндетті компонент пәндеріне, ал 60% таңдау компоненті пәндерін е тиесілі.
Бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 44%-ын (оқу мерзімі
1 жыл) және 28%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 62% және 50% міндетті компонент пәндеріне, ал 38% және
50% таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
25. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының
жалпы көлемінің 52%-ын құрайды, оның ішінде 9%-ы міндетті компонент пәндеріне және 91%-ы таңдау компоненті пәндеріне
тиесілі.
Бейіндік бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 56%-
ын (оқу мерзімі 1 жыл) және 72%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 10% және 12% міндетті компонент
пәндеріне, ал 90% және 88% тиісінше таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
26. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен анықталады. Міндетті компонент пәндерінің
көлемін қысқартуға жол берілмейді.
27. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды. Бұл ретте жұмыс берушілердің талаптары
мен еңбек нарығының сұранысы ескеріледі.
28. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны
1-кестеге
сәйкес
белгіленеді.
1-кесте
Р/с №
Пән және қызмет түрлерінің атауы
Кредит бойынша
көлемі
1
2
3
1
Базалық пәндер (БП)
20
1)
Міндетті компонент (МК):
8
Ғылым тарихы мен философиясы Достарыңызбен бөлісу: |