Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#7383
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

               

Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 

стандарттарын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы

 

          РҚАО-ның ескертпесі! 



      Қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 

24) тармақшасына

 сәйкес 


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

      1. Қоса беріліп отырған: 

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 

стандарты

      2) орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті 



стандарты

      3) техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 



стандарты

      4) орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 



стандарты

      5) жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 



стандарты

      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 



стандарты

 бекітілсін. 

      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының 

      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов 

Қазақстан Республикасы  

Үкіметінің        

2012 жылғы 23 тамыздағы 

№ 1080 қаулысымен    

бекітілген       

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 

стандарты 

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім 

туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 

Заңына


 сәйкес әзірленді. 

      Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңына

 сәйкес терминдер пайдаланылады. Оларға қосымша 



мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді: 

      1) индикатор – бала дамуының көрсеткіші; 

      2) интеграция – жүйенің сараланған жеке бөліктері мен функцияларын тұтас жүйеге байланысқан жай-күйі, сондай-ақ 

осы жай-күйге келтіретін процесс; 

      3) құзыреттілік – мектеп жасына дейінгі баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының 

қасиеттері, білім нәтижесінің типі; 

      4) негізгі құзыреттіліктер – күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі 

әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы;  

      5) құзыреттілік тәсіл – стандарт талаптарына сәйкес оқу-тәрбиелеу процесін өз бетімен ұйымдастыру, педагогикалық 

әдіс-тәсілдерді таңдау; 

      6) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоционалдық, әлеуметтік және 

зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке 

дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы; 

      7) білім беру саласы – мектепке дейінгі балалардың физикалық, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, 

коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін білімді, практикалық дағды мен шеберлік жиынтығын қамтитын 

білім беру стандартының бір бөлігі; 

      8) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірге белгілі мақсатқа қол жеткізу 

үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі; 

      9) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, шеберлік, 

дағдыларды меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі; 

      10) үлгілік оқу жоспары – оқу мекемелерінің (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының) белгілі бір типтері үшін 

стандарттың бір бөлігі ретінде бекітілген негізгі мемлекеттік нормативтік құжат. 

      2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін: 

      1) осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; 

      2) 

үлгілік оқу жоспарларына

      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен 



әзірленген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады. 

      3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: 

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын, мектепке дейінгі ұйымдардағы пәндік-дамытушы ортаның мазмұнын 

анықтайды; 

      2) тәрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілер мен білім 

алушылардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагогтеріне, оқу -тәрбие процесін 

ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтайды. 

      4. Стандарт талаптары: 

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті, олар 

мыналарға бөлінеді: 

      негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі (базалық, вариативті); 

      баланың қызығушылығы мен бейімділігін іске асыруға бағытталған қосымша; 

      2) ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен 


оқыту ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру кезінде міндетті; 

      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды 

әзірлеу кезінде міндетті; 

      4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және педагогтердің қызметін мемлекеттік аттестаттау кезінде 

міндетті. 

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар 

      5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балалардың өмір бойына әлеуметтік 

табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамыт уға, 

негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. 

      6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: 

      1) баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды физикалық дамуын, Қазақстан Республикасы 

халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері негізінде салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыруды; 

      2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін құруды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз 

етуді; 


      3) тілді және ана тілін, қатынас мәдениетін дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындауды; 

      4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, мінез-құлық 

нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде 

қалыптастыруды; 

      5) өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған орта, отбасы, 

түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді; 

      6) балада қоршаған ортаның тұтас бейнесі, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды; 

      7) баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды; 

      8) баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін 

дамытуды қамтамасыз етеді. 

      7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынадай бес білім беру саласын қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас», 

«Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта». 

      8. Білім беру салаларының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, балалардың өзіндік іс-әрекеті және ересек адам 

мен баланың бірлескен іс-әрекеті арқылы іске асырылады. 

      9. «Денсаулық» білім беру саласы 

      Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуді 

тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық сапаларын қалыптастыру. 

      «Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі: 

      1) дене шынықтыру; 

      2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология. 

      10. «Коммуникация» білім беру саласы 

      Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара 

қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп 

жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу. 

      «Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: 

      1) тіл дамыту; 

      2) көркем әдебиет; 

      3) сауат ашу және жазу негіздері; 

      4) мемлекеттік, орыс және басқа тілдер. 

      11. «Таным» білім беру саласы 

      Мақсаты: танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды 

проблемаларды шешуде қолдануға қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыру. 

      «Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: 

      1) сенсорика; 

      2) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру; 

      3) құрастыру; 

      4) экология негіздері; 

      5) қоршаған ортамен таныстыру. 

      12. «Шығармашылық» білім беру саласы 

      Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық саласы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, 

шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту. 

      «Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: 

      1) сурет салу; 

      2) мүсіндеу; 

      3) жапсыру; 

      4) музыка. 

      13. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы 

      Мақсаты: әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасқа қабілетті әлеуметтік-бейімделген, 

шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.  

      «Әлеуметтік орта» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: 

      1) өзін-өзі тану; 

      2) қоршаған ортамен таныстыру; 

      3) экология; 

      4) көркем әдебиет. 

      Мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен топтарында «Қазақ тілі» пәні ұйымның 

қалауымен басқа пәндерге ауыстырылады. 

3. Тәрбиеленушілердің және білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары 

көлеміне қойылатын талаптар 



      14. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің жол берілетін ең жоғары көлемі мен 

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы баланың денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі. 

      15. Мектепке дейінгі білім берудің барлық жас сатысындағы оқу жүктемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеуге қойылатын техникалық талаптарда белгіленген санитариялық -гигиеналық 

нормалар мен ережелерге сәйкес болады. 

      Үлгілік оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шегі белгіленген. 

      16. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 

Заңының


 негізінде аптадағы нормативтік оқу 

жүктемесі білім беру ұйымдарындағы мектепалды сыныптары педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысын есептеу үшін 24 

сағатты құрайды, оған: 

      1) базистік оқу жоспарын іске асыру бойынша білім беру қызметіне бөлінген 20 сағат; 

      2) күн тәртібінде жүзеге асырылатын білім беру іс-әрекетіне және балалардың түрлі іс-әрекеттеріне (ойын, еңбек, 

шығармашылық), ойын-сауық іс-шараларын өткізуге, сабақтарға дайындалуға бөлінген 4 сағат кіреді. 

4. Тәрбиеленушілердің және білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын 

талаптар 

      17. Әрбір жас кезеңіндегі құзыреттіліктерді меңгеру деңгейі 

1



2

3



4



5-кестелерде

 берілген. 

1-кесте 

Денсаулық сақтау құзыреттілігі 

 

Құзыреттілік 



көрсеткіштері

 

1 жастан бастап 3 



жасқа дейін

 

3 жастан бастап 5 



жасқа дейін

 

5 жастан бастап 6 



жасқа дейін

 

1



 

2

 



3

 

4



 

5

 



1

 

Мәдени-гигиеналық 



дағдылар

 

Жеке бас 



гигиенасының 

алғашқы 


дағдыларын 

меңгереді

 

Гигиеналық 



рәсімдерді орындау 

ретін біледі

 

Гигиеналық 



рәсімдерді 

өздігінен 

орындауға ынта 

білдіреді

 

2

 



Дене шынықтыру

 

Жүгіру, өрмелеу 



және секіруде 

алғашқы 


дағдыларды 

меңгереді

 

Өмірлік маңызды 



қимылдарды 

өздігінен 

орындайды

 

Негізгі 



қимылдарды 

орындау кезінде 

шығармашылық 

танытады


 

3

 



Дербес қимыл 

белсенділігі

 

Кейбір қимылдарды 



ересектердің 

көрсетуімен 

орындайды

 

Саптық және 



спорттық 

жаттығуларды 

меңгереді

 

Топтағы 



балалармен бірге 

қимыл-қозғалыс 

ойын іс-

әрекеттерін 

ұйымдастырады

 

4



 

Салауатты өмір салты

 

Қауіпті жағдайда 



сақ, шынықтыру 

рәсімдерін өткізу 

кезінде жағымды 

көңіл-күйде 

болады

 

Салауатты өмір 



салты ережелерін 

біледі, 


ересектердің 

көрсетуімен 

шынықтыру 

элементтерін 

орындайды

 

Қауіпсіздік 



ережелерін саналы 

түрде орындайды, 

шынықтыру 

рәсімдерінің 

маңыздылығы мен 

қажеттілігін 

түсінеді

 

2-кесте 



Коммуникативті-тілдік құзыреттілік 

 

Құзыреттілік 



көрсеткіштері

 

1 жастан бастап 3 



жасқа дейін

 

3 жастан бастап 5 



жасқа дейін

 

5 жастан бастап 6 



жасқа дейін

 

1



 

2

 



3

 

4



 

5

 



1

 

Қатынас мәдениеті



 

Құрдастарымен 

байланысқа түседі

 

Ересектердің 



сұрақтары мен 

өтініштеріне жауап 

береді, қарым-

қатынас жасайды

 

Қоғамдық 



орындарда өзін-

өзі ұстау 

ережесін сақтайды

 

2



 

Тілдің-грамматикалық 

құрылымы

 

Түсінікті болу 



үшін ойын дұрыс 

айтуға тырысады

 

Сөздерді 



өзгертеді, басқа 

сөздермен 

сәйкестендіреді, 

салалас және 

сабақтас құрмалас 

сөйлемдерді 

қолданады

 

Грамматикалық 



дұрыс сөйлеуге 

тырысады, тілге 

сыни қатынасын 

білдіреді

 

3

 



Тілдің дыбыстық 

мәдениеті

 

Дауысты және 



дауыссыз 

дыбыстарды дұрыс 

айтады

 

Ана тілінің 



барлық  дыбыстарын 

дұрыс айтады

 

Сөздерді орынды 



қолданады, 

дыбыстарды 

ажыратады, 

мәнерлеп оқудың 

түрлі тәсілдерін 

қолданады

 

4

 



Сөздік

 

Өзі, отбасы 



мүшелері, сүйікті 

ойыншықтары 

туралы сұрақтарға 

жауап береді

 

Бейнелі ұсынылған 



жағдайларға 

сүйенбей, сөздерді 

қолданады, сөйлеу 

барысында 

етістіктерді жиі 

қолданады

 

Антоним, синоним 



және көп мағыналы 

сөздерді түсініп, 

сөйлеу барысында 

қолданады

 

5

 



Байланыстырып сөйлеу

 

Тілегін, сезімін 



және ойын білдіру 

үшін сөздерді 

қолданады

 

Қарым-қатынастың 



негізгі түрі - 

диалогты меңгеріп, 

2-3 сөйлеммен өз 

ойын жеткізеді

 

Түрлі сөз 



таптарын, 

эпитеттер мен 

теңеулерді 

қолданып, монолог 

қалыптасады

 

6



 

Шығармашылық тілдік 

қызмет

 

Саусақ ойындарын, 



тақпақтарды жатқа 

айтады


 

Таныс ертегілерді 

айтады, ойыншықтар 

жөнінде шағын 

әңгіме құрастырады

 

Оқиғаларды 



құрастырады, 

ауыспалы және 

астарлы мағыналы 

ойларды түсініп, 

оларды қолдана 

біледі


 

7

 



Шығармаларды 

қабылдау


 

Халық ауыз 

әдебиеті 

шығармаларына 

эмоционалды түрде 

Өзіне ұнайтын 

бірнеше 

шығармаларды 

атайды, ойында 

әдеби бейнелерді 

Кітапқа деген 

қызығушылық 

білдіреді, 

өлеңдерді 

мәнерлеп жатқа 


өз ойын білдіреді

 

қолданады



 

айта алады

 

3-кесте 


Танымдық құзыреттілік 

 



Құзыреттілік 

көрсеткіштері

 

1 жастан бастап 3 



жасқа дейін

 

3 жастан бастап 5 



жасқа дейін

 

5 жастан бастап 6 



жасқа дейін

 

1



 

2

 



3

 

4



 

5

 



1

 

Заттардың 



қасиеттерін 

бағдарлау

 

Заттардың түрін, 



негізгі түсін, 

пішінін, 

фактурасын 

ажырата алады

 

Заттарға тән 



белгілер мен 

айырмашылықтарды 

сипап сезу, есту, 

иісін сезіп 

қабылдау негізінде 

атайды


 

Заттардың 

қасиеттері мен 

белгілерін 

танымдық қызмет 

дәрежесінде 

қарастырады

 

2



 

Қоршаған ортаны тану

 

Адамдар мен 



олардың іс-

әрекеттеріне 

қызығушылық пен 

құштарлық 

білдіреді

 

Тірі және өлі 



табиғат пен 

қоғамдық өмірдің 

себеп-салдарлық 

қарапайым 

байланысын 

түсінеді, ол 

туралы 2-3 

сөйлеммен айта 

алады

 

Көрнекі-әрекеттік 



және көрнекі-

бейнелі тұрғыда 

танымдық 

міндеттерді шеше 

алады, ұқсастығы 

мен ерекшелігін 

ажыратуға, түрлі 

негіздемелер 

бойынша 

топтастыруға және 

жүйелеуге 

қабілетті

 

3

 



Құрастыру дағдылары

 

Ересектердің 



көрсетуімен 

қарапайым 

құрылыстарды 

жасай алады

 

Құрылыс материалын 



таңдау кезінде 

дербестік 

білдіреді, 

құрылысты әдемі 

жасауға тырысады

 

Құрастырудың 



бірнеше қарапайым 

жалпылама 

тәсілдерін 

меңгереді және 

түрлі нәтижеге 

жету үшін бір 

тәсілді қайталай 

береді


 

4

 



Экологиялық мәдениет 

негіздері

 

Жануарлар әлеміне 



тілектестік және 

қамқорлық қарым-

қатынасын 

білдіреді

 

Табиғатта өзін-өзі 



ұстай білу 

нормаларын 

меңгереді, 

ересектермен бірге 

өсімдіктер мен 

жануарларға 

қамқорлық жасайды

 

Қоршаған ортаның 



көптүрлілігін, 

өсімдіктер мен 

жануарлардың 

белгілері мен 

қасиеттерін, 

тіршілік 

ортасымен өзара 

байланысын 

түсінеді

 

5



 

Қарапайым 

математикалық 

Кеңістікте 

бағдарланудың 

алғашқы 


Уақыт, кеңістік, 

себеп-салдар, сан 

туралы қарапайым 

Геометриялық 

пішіндердің 

құрылымдық 



ұғымдар

 

дағдыларын 



көрсетеді

 

түсініктерін 



көрсетеді

 

сипаттамасын, 



тура және кері 

сандық қатынас 

ретін біледі

 

6



 

Іздеу және 

эксперименталды іс-

әрекет


 

Түрлі заттармен 

эксперимент 

жасайды 


(ажыратады, 

біріктіреді, 

құрастырады)

 

Жаңа 



материалдармен 

экспериментті 

мақсатты түрде 

жүргізеді, заттар 

арасындағы жалпы 

қатынастарды 

бейнелейді, 

қоршаған ортаның 

үлгісін жасайды

 

Эксперименталды 



іс-әрекетте 

мақсат қойып, 

нәтижеге жетеді

 

7



 

Ақпаратпен жұмыс

 

Түрлі ақпарат 



көздеріне 

қызығушылық 

танытады

 

Жаңа ақпарат 



алудың 

қажеттілігін 

түсінеді

 

Жаңа ақпаратты 



қалай ұсыну 

керектігін, оның 

кімге қызық 

екендігін 

түсінеді

 

4-кесте 



Шығармашылық құзыреттілік 

 



Құзыреттілік 

көрсеткіштері

 

1 жастан бастап 3 



жасқа дейін

 

3 жастан бастап 5 



жасқа дейін

 

5 жастан бастап 6 



жасқа дейін

 

1



 

2

 



3

 

4



 

5

 



1

 

Музыкалық іс-әрекет



 

Музыкалық 

фразаның жоғары 

және төмен 

дыбысталуын 

ажырата алады, 

ересектермен 

бірге ән айтуға 

ықылас білдіреді

 

Ән салады, би, 



музыкалық-ырғақтық 

қимылдарды 

орындайды

 

Түрлі музыкалық 



шығармашылық іс-

әрекетке қатысады

 

2

 



Нәтижелі іс-әрекет

 

Қарындаш, 



фломастер, гуашь 

және ермексаздың 

көмегімен ұқсас 

бейнелерді 

жасайды

 

Бейнелеу іс-



әрекетіне қажетті 

негізгі техникалық 

дағдылар мен 

іскерлікті 

меңгереді

 

Бейненің сипатына 



сәйкес техникалық 

тәсілдер мен 

бейнелу 

құралдарын 

өздігінен 

таңдайды


 

3

 



Қоршаған ортаны 

эстетикалық қабылдау

 

Ұлттық 


ойыншықтарды 

қарай отырып, 

қуаныш, 

эмоционалдық 

сезім білдіреді

 

Бейнелеу өнерінің 



әр түріне, 

бейнелеу іс-

әрекетіне 

қызығушылық 

танытады

 

Табиғат, киім 



және үй 

жиһаздарының 

әсемдігіне 

эмоционалды 

сезімін 

білдіреді, сәндік 

өнері мен 


дизайнға 

қызығушылық 

танытады

 

5-кесте 



Әлеуметтік құзыреттілік 

 



Құзыреттілік 

көрсеткіштері

 

1 жастан бастап 3 



жасқа дейін

 

3 жастан бастап 5 



жасқа дейін

 

5 жастан бастап 6 



жасқа дейін

 

1



 

2

 



3

 

4



 

5

 



1

 

Мінез-құлық 



дағдылары

 

Өзін-өзі ұстау 



ережелерін, 

нормаларын 

түсінеді, 

сәлемдесу, 

қоштасу және 

алғыс сөздерін 

айтады

 

Адамгершілік 



қарым-қатынасты 

бағдарлайды, 

эмоционалдық 

көңіл-күйді 

түсінеді

 

Көмек сұрай 



алады, басқа 

адамдардың 

тілегін 

құрметтейді

 

2

 



Ересектермен және 

құрдастарымен өзара 

іс-әрекеті

 

Жақын адамдары 



мен құрдастарына 

ықылас, 


тілектестік, 

жанашырлық 

білдіреді

 

Құрдастарымен 



тұрақты ойын 

бірлестіктеріне 

қатысады, 

ересектермен 

танымдық 

тақырыптарда 

әңгімелеседі

 

Әлеуметтік әлемде 



өзара байланысты 

меңгереді, 

қатынастық 

іскерліктің 

жоғары деңгейін 

көрсетеді

 

3

 



Адамгершілік 

нормалары туралы 

түсінік

 

«Жақсы» мен 



«жаманды» түсіне 

бастайды


 

Өз қылығын, ертегі 

кейіпкерлерінің 

іс-әрекетін 

бағалайды

 

Өз халқы мен 



басқа халықтардың 

этикалық 

нормалары мен 

құндылығын 

игереді, 

эмпатиясы мен 

төзімділігін 

білдіреді

 

      18. Баланың қалыптасқан базалық құзыреттіліктері: 



      1) дене бітімі дамыған; 

      2) білуге құмар; 

      3) белсенді; 

      4) эмоционалды елгезек; 

      5) үлкендермен және құрдастарымен өзара әрекеттесу тәсілдері мен қарым-қатынас жасауды меңгерген; 

      6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар; 

      7) мектепте оқуға қажетті дағдылар мен іскерліктерді игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды. 

Қазақстан Республикасы  

Үкіметінің       

2012 жылғы 23 тамыздағы 

№ 1080 қаулысымен    

бекітілген      

Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 

1. Жалпы ережелер 


      1. Осы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 

(бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  

56-бабына

 сәйкес 


әзірленген. 

      2. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары білім беруді: 

      1) осы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; 

      2) 

үлгілік

 

оқу жоспарларына



      3) Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен бекітілген басқа 

да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады. 

      3. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: 

      1) орта білімнің базалық (міндетті) мазмұнының жалпы нормаларын, құрылымы мен құрамын анықтайды; 

      2) білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін, білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларын, білімді бақылау мен 

бағалау жүйесін регламенттейді; 

      3) жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді; 

      4) білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларына: мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, жалпы орта 

білім беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын және білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды 

нормативтік қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді. 

      4. Орта білім беру стандартында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 

Заңына

 сәйкес терминдер, анықтамалар 



мен қысқартулар пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер және олардың анықтамалары енгізілді: 

      1) Білімнің базалық мазмұны - жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, 

меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының 

құрамы мен көлемі; 

      2) Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компоненті – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

енгізілген және жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқытылатын міндетті пәндер жиынтығы. 

      3) Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттілігі мен бейімділігін 

ескере отырып, жалпы орта білім беретін ұйымдар анықтайтын оқу пәндері мен курстардың жиынтығы.  

      4) Оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі – үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік (мектеп және оқушы) 

компоненттеріндегі оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру үшін қажетті және білім беру деңгейлері мен оқу жылы бойынша 

белгіленген оқу уақытының көлемі. 

      5) Үлгілік оқу жоспары – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының құрамдас бөлігі болып 

табылатын, оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін регламенттейтін, оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік 

компоненттерін белгілейтін және бастауыш, негізгі орта білім беру деңгейлерінде оқыту тілін, жалпы орта білім беру 

деңгейінде оқыту тілі мен бағытын сипаттайтын нормативтік құқықтық акт; білім беру ұйымдарының қызметін қаржыландыру 

үшін негізгі құжат болып табылады. 

      6) Оқу жұмыс жоспары – білім алушылардың білім алу мүдделерін ескере отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы 

орта білім беретін ұйымдар әзірлейтін құжат. 

      7) Міндетті оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енетін әрбір оқу пәні бойынша 

білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат. 

      8) Вариативтік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне енетін әрбір оқу курсы бойынша 

білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат. 

      9) Білім алушының дайындық деңгейі – тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім 

алушылардың орта білім мазмұнын меңгеру деңгейі. 

      10) Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі – білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының міндетті көлемін 

меңгеру деңгейі. 

      11) Білім мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі – білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және 

тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі. 

      12) Білім алушының портфолиосы – білім алушының білім алудағы жеке жетістіктері мен оқу, шығармашылық, спорттық, 

әлеуметтік, коммуникативтік әрекеттерде қол жеткізген түрлі көрсеткіштерінің жиыны. 

      13) Қамқоршылар кеңесі – жалпы орта білім беретін ұйымның алқалық басқару нысаны болып табылатын сайланбалы 

орган. 


      5. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты білім берудің жалпы нормалары мен мазмұнын қамтиды 

және тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін көздейді. 

      6. Осы стандарт: 

      1) міндетті және вариативтік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу, сондай-ақ 

олардың сапасын сараптау үшін; 

      2) орта білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін; 

      3) жалпы білім беретін ұйымдарда білім беру процесін жүзеге асыру үшін; 

      4) педагогтің, жалпы білім беретін ұйымның іс-әрекет нәтижесін анықтаудың бағалау жүйесін әзірлеу үшін және 

білім алушылардың дайындық деңгейін айқындау мен оларды қорытынды аттестаттаудың бақылау -өлшеуіш материалдарын 

дайындау үшін; 

      5) педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша бағдарламаларды даярлау 

үшін негіз болып табылады. 

2. Білім мазмұнына қойылатын талаптар 

      7. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның 

жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен 

меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін -өзі көрсетудің, мінез-құлық 

мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. 

      8. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық-

құндылық қатынасының, оқу процесіне оң мотивациясының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері  мен 

шеберліктерінің дамуын қамтамасыз етеді. 

      9. Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам 

және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру». 

      10. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық 

негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке 

тұлға ретінде өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады. 

      11. Негізгі орта білім білім алушының базистік ғылым негіздерін меңгеруін, жоғары рухани-адамгершілік және 



тұлғааралық, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуын, тұлғаның өмірде өз орнын табуын және өзін-өзі 

билеуін, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын, бейіналды дайындықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді. 

      12. Негізгі орта білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», 

«Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру». 

      13. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-

гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік 

бағдарлау негізінде әзірленеді. 

      14. Жалпы орта білім білім алушының табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, 

функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім 

мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді.  

      15. Жалпы орта білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», 

«Адам және қоғам», «Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру». 

      16. Әрбір білім саласы ұқсас оқу пәндерін қамтиды. 

      17. «Тіл және әдебиет» білім саласына енетін пәндер: «Сауат ашу (оқу, жазу)», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі», 

«Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы білім беретін 

ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (орыс тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс 

әдебиеті» (қазақ тілді және басқа да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Шетел тілі». 

      18. Қазақстан аумағында тұратын этностың тілінде оқытатын жалпы білім беретін ұйымдарда «Тіл және әдебиет» білім 

саласына осы этностың «Ана тілі мен әдебиеті» қосымша енеді. Нақты этностың шоғырланып орналасқан жер лерінде олардың 

тілін оқыту мәселесін шешу білім саласындағы жергілікті атқару органдары құзырына беріледі. «Ана тілі» («Ұйғыр тілі», 

«Өзбек тілі», «Тәжік тілі») мен «Әдебиет» («Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті») пәндері үлгілік оқу 

жоспарының инварианттық компонентіне енеді. 

      19. «Математика және информатика» білім саласына енетін пәндер: «Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ 

бастамалары», «Геометрия», «Информатика». 

      20. «Жаратылыстану» білім саласына енетін пәндер: «Дүниетану», «Жаратылыстану», «География», «Биология», 

«Физика», «Химия». 

      21. «Адам және қоғам» білім саласына енетін пәндер: «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. 

Құқық», «Өзін-өзі тану». 

      22. «Өнер» білім саласына енетін пәндер: «Музыка», «Бейнелеу өнері». 

      23. «Технология» білім саласына енетін пәндер: «Еңбекке баулу», «Сызу», «Технология». 

      24. «Дене шынықтыру» білім саласына енетін пәндер: «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери дайындық». 

      25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-

сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 

5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің 

оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу 

жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір 

қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.  

      26. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының аясында іске асырылады: 

ана тілі, музыка, бейнелеу өнері, технология; 5-8-сыныптарда сабақтан тыс мерзімде, сынып сағаттары мен факультативтер 

есебінен іске асырылады. 

      27. Стандартта ұсынылған орта білімнің базалық мазмұны: 

      1) Қазақстан Республикасындағы білім беру кеңістігінің біртұтастығын, орта білім беру деңгейлері және білім 

салалары бойынша орта білім мазмұнының жүйелілігін, сабақтастығын және үздіксіздігін;  

      2) барлық білім алушылар үшін білімнің тең мүмкіндігі мен тең қолжетімділігін; 

      3) жалпы орта білім беретін ұйымдардың типіне, оқыту нысанына және түріне қарамастан, орта білім мазмұнының 

бірыңғай талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. 

      28. Орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс 

жоспарларында жүзеге асырылады. 

      29. Орта білімнің іргелілігін сақтау және орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын мемлекеттік талаптарды 

орындау мақсатында инварианттық компонент жалпы сағат көлемінен бастауыш білім деңгейінде 90% -дан, негізгі орта білім 

деңгейінде 85%-дан, жалпы орта білім деңгейінде 75%-дан төмен болмайтын мөлшерде белгіленеді. 

      30. Міндетті оқу бағдарламалары орта білімнің базалық мазмұнын іске асырады және орта білім беру деңгейлеріне 

сәйкес білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптарды анықтайды. Вариативті оқу бағдарламалары вариативті 

компонентке кіретін оқу пәндері мен курстарының мазмұнын іске асырады. 

      31. Жалпы орта білім екі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары бойынша бейінді оқыту 

негізінде жүзеге асырылады. Саралап оқыту және білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 

оқытудың осы екі бағыты аясында жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі  - ҮОЖ) 

сәйкес аралас (ұқсас) пәндер бойынша бейіндендіру енгізіледі. 

      32. Барлық ҮОЖ-да инварианттық компоненттің оқу пәндері өзгермейді, бұл жалпы білім беретін ұйымдардың барлық 

типтері мен түрлері үшін орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етеді.  

      33. Негізгі орта білім мен техникалық және кәсіптік білім мазмұндарының сабақтастығы жекелеген және аралас 

пәндерді, оның ішінде технологиялық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейіналды оқыту аясында іске асырылады. 

Жалпы орта білім мен жоғары білім беру мазмұндарының сабақтастығы жекелеген және аралас пәндерді тереңдетіп оқыту 

арқылы бейінді оқыту аясында іске асырылады. 

      34. Білім алушылардың негізгі орта білім деңгейінде бейіналды оқытудың, жалпы орта білім деңгейінде бейіндік 

оқытудың бағыттарын таңдауы олардың ата-аналары мен қамқоршылар кеңесінің қатысуымен жүргізіледі. 

3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын 

талаптар 

      35. 1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды. 

      36. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке 

және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 

сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-

сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 

сағаттан аспауы тиіс. 



      37. Оқу жылында 1-11 сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул 

беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі. 

Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы 

белгілейді

      38. Үлгілік және оқу жұмыс жоспарларында пәнді меңгеруге бөлінетін оқу уақыты тиісті міндетті және вариативтік 



оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын әзірлеу кезінде ескеріледі. 

      39. Инварианттық және вариативтік компоненттерді құрайтын пәндер бойынша білім алушылардың оқу жүктемелерінің 

жалпы көлемі ҮОЖ-да белгіленеді. 

      40. Білім алушылардың пәндер бойынша міндетті оқу жүктемесінің көлемі оқытудың бағыты ескеріліп, ҮОЖ-да 

белгіленеді. 

      41. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі олардың қажеттіліктері ескеріліп, жалпы білім беретін 

ұйымдардың оқу жұмыс жоспарында белгіленеді. 

4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

      42. Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады: 

      1) тұлғалық нәтижелер; 

      2) жүйелік-әрекеттік нәтижелер; 

      3) пәндік нәтижелер. 

      43. Тұлғалық нәтижелер: 

      1) Қазақстан Республикасы 

Конституциясына

, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсетуінен; 

      2) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның 

мүддесін қорғауға дайын болуынан; 

      3) мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа 

да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан; 

      4) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны қорғауда 

белсенділік танытуынан; 

      5) салауатты өмір салтын ұстануынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтауға 

үйренуінен; 

      6) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен; 

      7) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігінен; 

      8) үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен; 

      9) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни 

ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табады. 

      44. Тұлғалық нәтижелер білім алушының тәрбиелілігі, әлеуметтенуі, рухани-адамгершілік, шығармашылық және дене 

дамуы деңгейінің психологиялық-педагогикалық мониторингісі түрінде бағаланып, оның портфолиосына жинақталады. 

      45. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер: 

      1) адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі 

білімін меңгеруінен; 

      2) ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; 

      3) таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін меңгеруінен; 

      4) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен; 

      5) жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен көрініс табады. 

      46. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушының пәндік олимпиадалар, таңдау курстары, шығармашылық оқу жобалары, 

сондай-ақ зерттеу жұмыстарының басқа да түрлері бойынша қол жеткізген жетістіктерімен анықталады, оның портфолиосына 

жинақталады. 

      47. Пәндік нәтижелер білім алушылардың білімнің базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік 

дайындығынан көрінеді. 

      48. Пәндік нәтижелер 1-4 сыныптарда базалық деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде: базалық (міндетті) 

деңгейде, жетік мүмкіндік деңгейінде (5-11 сыныптарда – белгілі бір пәнді таңдау кезінде 1 сағат көлемінде вариативтік 

компонентті игеру үшін) және жетік бейіналды деңгейде 8-9 сыныптарда/жетік бейіндік деңгейде 10-11 сыныптарда (жалпы 

орта білім беретін ұйымдардың таңдауы бойынша пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарларының 

нұсқаларын игеру үшін) белгіленеді. 

      49. Білім алушылардың оқу пәндерін игеруінің базалық деңгейі білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың 

шеберлігі мен дағдыларын қамтиды. 

      50. Оқу пәндерін меңгертудің жетік (жетік мүмкіндік және жетік бейіналды/жетік бейіндік) деңгейлері білім 

алушылардың білімінің кеңейтілген және тереңдетілген көлемін, олардың шеберлігі мен дағдыларын қамтиды. Оқу пәндерін 

меңгертудің мүмкін деңгейі 5-11 сыныптар үшін вариативтік оқу бағдарламасы негізінде жалпы білім беретін ұйымдардың 

таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Оқу пәндерін меңгертудің жетік бейіналды (8-9 сыныптар) және бейіндік (10-11 

сыныптар) деңгейлері тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге а сырылады. 

      51. Орта білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушылардың базалық (міндетті) деңгейді меңгеруін және оқу 

жүктемесінің көлемін білім саласындағы уәкілетті орган бақылайды. 

      52. Жалпы орта білім беретін ұйым ұсынатын білім мазмұнын (тереңдетілген, кеңейтілген) меңгеруін жергілікті 

білім беру органдары бақылайды. 

      53. Орта білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесімен бағаланады. 

      54. Бақылау нысандары ауызша, жазбаша және шығармашылық емтихандар, тест тапсырмаларының ашық және жабық 

нысандары, бақылау жұмыстары, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде болуы мүмкін. 

5. Білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар 

      55. Жалпы орта білім беретін ұйымдарды қаржылық қамтамасыз ету: 

      1) жалпыға қолжетімді кепілді ақысыз орта білім беру үшін; 

      2) жалпы орта білім беретін ұйымдарда қажетті материалдық-техникалық база құру үшін; 

      3) білім алушылардың өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін 

жеткілікті болуы тиіс. 

      56. Білім алушылардың денсаулығын нығайту және олардың қозғалыс белсенділігін жетілдіру мақсатында сыныптан тыс 

жұмыс нысанындағы спорт секцияларының сабақтарын ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз ете ді. 

      57. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында қызмет ететін қызметкерлерге еңбекақы «Білім туралы» Қазақстан 


Республикасы Заңының 52-бабында белгіленген тәртіп бойынша төленеді. 

      58. Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беретін ұйымда оқи алмайтын оқушылар үшін үйінде 

немесе емделу орындарында ақысыз жеке оқыту қамтамасыз етіледі. 

      59. Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік 

бейімделуі үшін жағдай жасалады. 

      60. Жалпы орта білім беретін ұйымдар санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сай келетін материалдық-

техникалық базамен қамтамасыз етілуі тиіс. 

      61. Жалпы орта білім беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасына: 

      1) сабақ өткізуге, сыныптан тыс іс-шараларға, демалуға, тамақтануға, медициналық қызмет көрсетуге, спортпен 

шұғылдануға, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қауіпсіз 

және жайлы жағдайды қамтамасыз ететін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келетін тиісті инфрақұрылымы бар 

ғимарат; 

      2) заманауи құралдармен жабдықталған (байланыс және коммуникация құралдары, желілік өзара байланыс, кеңжолақты 

интернет, мультимедиялық кабинеттер, интерактивті тақта, аудио-бейне техникалар, цехтар, шеберханалар) оқыту пән 

кабинеттері; 

      3) оқу бөлмелеріндегі қажетті жарық және жылу жабдықтары, киім шешетін орындар, санитарлық-гигиеналық талаптарға 

сай жасалған тазалық бөлмелері; 

      4) мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін ғимарат ішінде арнайы жасақталған жағдайлар; 

      5) мектеп-интернат жағдайында білім алушылардың тұруы, тамақтануы және демалуы үшін салынған ғимарат, мектеп 

жанындағы телім енеді. 

      62. Жергілікті атқарушы органдар және жалпы білім беретін ұйымдар білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен 

денсаулығын сақтау үшін: 

      1) салауатты өмір салтын насихаттау; 

      2) әлеуметтік және психологиялық қызметті күшейту; 

      3) ғимаратты күзетуді қамтамасыз ету; 

      4) жергілікті тұрғындар мен ата-аналар қауымдастығы арасында тығыз байланыс орнату; 

      5) білім алушылардың бейресми ортасын зерделеу

      6) алдын алу іс-шараларын (әлеуметтік сұрақ-жауап, психологиялық қолдау, құқық қорғау және медицина мекемелері 

қызметкерлерімен кездесулер) өткізу; 

      7) профилактикалық медициналық тексеруді уақытылы ұйымдастыру; 

      8) техника қауіпсіздігін, өрттің алдын алу ережелерін сақтау; 

      9) үй-жайларындағы жарық пен әуелік жылу режимін сақтау; 

      10) компьютерлік техникамен жұмыс істеу тәртібін сақтау; 

      11) жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау; 

      12) балаларды тасымалдауда техника қауіпсіздігін сақтау жолдары арқылы жағдай жасайды. 

      63. Жалпы орта білім беретін, оның ішінде жеке меншік ұйымдарда білім беру процесі ҮОЖ негізінде дайындалатын 

оқу жұмыс жоспары аясында жүзеге асырылады және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, жалпы 

орта білім беретін ұйымдардың өзінде бекітіледі. 

      64. Жалпы орта білім беретін республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың білім беру процесі ҮОЖ 

негізінде дайындалатын оқу жұмыс жоспары шеңберінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының білім саласындағы 

уәкілетті органымен 

бекітіледі

      65. Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық 



жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған 

жағдайда: 

      1) оқыту қазақ тілді емес 1-11 сыныптардағы қазақ тілі; 

      2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті; 

      3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін 3-11 сыныптардағы орыс тілі; 

      4) 1-11 сыныптардағы шетел тілі; 

      5) 5-11 сыныптардағы информатика; 

      6) бейінді пәндер; 

      7) 5-11 сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары); 

      8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады. 

      66. Сыныпта мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда сыныпты топтарға бөлу осындай әр балаға барлық оқушының 

санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады. 

      67. Үлгілік оқу жоспарының оқушы компонентіндегі оқу жүктемесі көлемінде қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру, 

еңбек тәжірибесін өткізу қамқоршылық кеңестің немесе ата-аналар комитетінің қатысуымен жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасы  

Үкіметінің       

2012 жылғы 23 тамыздағы 

№ 1080 қаулысымен    

бекітілген      

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 

стандарты 

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 

Заңына

 сәйкес әзірленді, техникалық және кәсіптік 



білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. 

      Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік білім берудің 

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.  

      2. Осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады: 

      1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеті, өзін-өзі жігерлендіру және өзіндік 

ұйымдастыруға бейімділігі; 



      2) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындау дайындығының 

деңгейі; 

      3) құзырет – білім, шеберлік, дағды, кәсіптік тәжірибенің бірлігі негізінде маманның әрекет ету және белгілі бір 

кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі; 

      4) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық 

компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны; 

      5) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;  

      6) модульдік оқыту – нақты кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жекелеген өзара байланысты блоктар 

түріндегі материалдарды оқытуды құрылымдап, болжайтын оқыту жүйесі; 

      7) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша кәсіптік оқу 

бағдарламасын меңгеру мерзімі; 

      8) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпы параметрлерін айқындайтын кәсіптер мен 

мамандықтардың жүйеленген тізілімі (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты 

оқыту мерзімі); 

      9) білім беру бағдарламасы – пәндер тізімі, оқу жұмысының түрлері арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір 

сатысының білім беру мазмұнын және мақсатын, оларды меңгеру үшін оқу уақытының көлемін айқындайтын құжат;  

      10) кәсіптік құзіреттілік – білім, шеберлік пен дағды, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға 

мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;  

      11) кәсіптік практика – кәсіптік білім берудің оқу процесінің ажырамайтын бөлігі және білікті техникалық және  

қызмет көрсету еңбегі жұмыскерлерін еңбек қызметіне кәсіптік даярлаудың тиімді нысаны;  

      12) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін, оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, 

бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен шеберлігін 

бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін, үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік 

білім беру ұйымы әзірлейтін құжат; 

      13) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітілетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 

оқу жұмыс жоспарының нақты пәні үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;  

      14) үлгілік оқу жоспары – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіп пен мамандыққа оқыту мерзіміне 

қатысты оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;  

      15) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты бір пән бойынша меңгерілуге тиіс білім, шеберлік пен 

дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат; 

      16) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің жиынтығы. 

      3. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ: 

      1) оқу-бағдарламалық құжаттамаға – оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс жоспарлары мен 

бағдарламаларына, жеке оқу жоспарларына; 

      2) білім беру бағдарламаларына; 

      3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органдары бекіткен нормативтік құжаттарға сәйкес 

жүзеге асырылады. 

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар 

      4. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұны: 

      1) жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді; 

      2) жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді; 

      3) жоғары оқу орындарының 1-2 курстарының білім беру бағдарламаларымен қоса техникалық және кәсіптік білім 

берудің интеграцияланған білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді. 

      5. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары: 

      1) кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер 

үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге; 

      2) оқыту процесінің әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, әдістерін 

таңдауға құқылы. 

      6. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен қатар, білім беру ұйымы айқындайтын 

пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды. 

      Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге 

бағытталған. 

      7. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру базалық жоғары, техникалық және кәсіптік 

білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес және педагогикалық және әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын 

инженерлік-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі. 

      8. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыру: 

      1) кәсіптік дағдыларды игеру бойынша оқу-өндірістік жұмысты (оқу практикасы мен өндірістік оқыту); 

      2) кәсіптік дағдыларды (жұмысшы мамандығын алуға, өндірісте оқытуға арналған) игеру және бекіту бойынша оқу-

өндірістік жұмысты; 

      3) кәсіптік практиканы (технологиялық, дипломалды) қамтиды. 

      Практиканың әрбір түрінің ұзақтығы маманның біліктілігіне байланысты маманның біліктілік сипаттамасына қойылатын 

талаптарға сәйкес анықталады. 

      Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында өндірістік оқыту 

шеберінің басшылығымен жүзеге асырылады. 

      Кәсіптік практиканың мерзімі және мазмұны оқу жұмыс бағдарламаларымен және оқу жұмыс жоспарларымен айқындалады. 

      Практикадан өту кезінде білім алушыға разряд, санат беріле отырып, жұмысшы біліктілігінің бір немесе бірнеше 

жақын мамандықтарды меңгеру көзделеді. 

      Кәсіптік даярлық (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және 

дипломдық жобалау, өндірістік оқыту, кәсіптік практика). 

      Кәсіптік практика міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40%-ын құрауы тиіс. 

      Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда шарт негізінде жұмыс берушілермен берілетін жұмыс орындарында өткізіледі және 

оқыту процесінде алынған білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен кәсіптік құзыреттерді меңгеруге бағытталған.  

      9. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруда оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік 

құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдары, аудио және бейне материалдар, әдістемелік 

көрнекі құралдар және пәндер, кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша 


ұсынымдардың болуымен қамтамасыз етіледі. 

      10. Оқыту процесін материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті 

органмен белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс. 

      11. Білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды 

дарытуға, патриоттық пен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға бағытталған. 

      12. Оқыту процесін жоспарлау кезінде техникалық және кәсіптік білім беруді әзірлеушілер осы стандартқа 

1-

қосымшаға



 сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады. 

3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын 

талаптар 

      13. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең көп көлемі аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық 

түрлерімен қоса, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс. 

      14. Күндізгі оқу нысаны кезінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік 

мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай: 

      1) негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай 1 жыл 10 ай оқу мерзімін; 

      2) жалпы орта білім базасында жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 

ай оқу мерзімін; 

      3) негізгі орта білім базасында - 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін; 

      4) техникалық және кәсіптік білім базасында - 10 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін; 

      5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында - 10 ай, 1 жыл 6 ай оқу мерзімін құрайды. 

      15. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын 

міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен 

консультациялар кірмейді). 

      Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 1 шілдеге дейін аяқталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны құрайды, оның ішінде 

кысқы мерзімде – кемінде 2 апта. 

      1) Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде көзделеді. 

      2) Оқытудың күндізгі бөлімінде білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан 

аспайтын көлемде көзделеді. 

      Консультациялар емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды 

аттестаттаулар көзделген пәндер бойынша, сондай-ақ кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруді ұйымдастыру 

және өткізу рәсімдеріне арналып жоспарланады. 

      3) Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай 

түрлері: 

      аралық аттестаттау; 

      білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау; 

      кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікті беру көрсетіледі. 

      Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша емтихандар мен бақылау 

жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, шеберлік және құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға ба йланысты 

айқындалады. 

      Бақылау жұмыстары пәнді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен жүргізіледі. 

      Семестрдегі курстық жобалардың саны біреуден аспауы тиіс. 

      Бір оқу жылы бойындағы емтихандық сессияның жалпы ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс. Емтихандық сессияның бір 

аптада тапсырылатын емтихандардың саны екеуден аспауы тиіс. 

      Барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау көзделеді, оның негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, 

емтихан болып табылады. 

      Бақылау жұмыстары мен сынақтар осы пәнді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен жүргізіледі; емтихандар - 

аралық аттестаттауға бөлінген мерзімдерде өткізіледі. 

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және 

(техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының таңдауы бойынша физика, химия) бойынша емтихан өткізуді көздейді.  

      Білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін қорытынды 

аттестаттау өткізіледі. 

      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:  

      білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды; 

      кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды. 

      Білім беру ұйымдарында білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша білім 

алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.  

      Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында өткізілетін аттестаттаудың 

ықтимал нысандары: арнайы пәндер бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жоба орындау және қорғау немесе арнайы 

пәндердің бірі бойынша қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысын орындау, қорғау.  

      Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қорытынды аттестаттау нысаны мен оны өткізуге бөлінген оқу уақытының 

көлемі 2 аптадан артық айқындалмайды. 

      Кәсіптік даярлығының деңгейін бағалау және мамандығы бойынша біліктілікті беру (бұдан әрі - КДДБББ) екі 

кезеңнен: 

      арнайы пәндер бойынша теориялық тестілеуден; 

      біліктілік деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан тұрады. 

      Даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруді ұйымдастыру мен өткізуге арналған оқу уақытының көлемі бір 

білім алушыға кемінде 12 сағат айқындалады. 

      КДДБББ қорытындысы бойынша біліктілік комиссияның шешімі негізінде біліктіліктің тиісті деңгейлері және 

белгіленген нысандағы сертификат беріледі. 

      Практикалық емтихандар әрбір мамандық бойынша қажетті құралдармен жабдықталған өндірістік алаңдарда, 

зертханаларда, шеберханаларда немесе оқу орталықтарында өткізіледі. 

      4) Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. 

Дипломалды (біліктілік) практиканың ұзақтығы мамандықтың күрделілігі мен маманның біліктілік деңгейіне байланысты 6 

аптаға дейін жоспарланады. 

      16. Оқу пәндерін зерделеудің бірізділігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын курстарға және 



семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі. 

      Арнайы пәндердің тізбесін анықтау және оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген пәндерді зерделеу 

бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және келешектегі кәсіптік қызметтерінің негізгі түрлері бойынша немесе на қты 

сала ерекшеліктеріне сәйкес болуы интеграциялау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталғандығын басшылыққа алу қажет.  

      «Дене тәрбиесі» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан артық емес (мамандыққа 

байланысты) жоспарланады, олардың екі сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларында сабақ өткізуге бөлінуі мүмкін. 

«Дене тәрбиесі» курсы аяқталғаннан кейін қосымша бюджеттік уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.  

      Алғашқы әскери даярлық пәніне 140 сағат бөлінеді, оның ішінде 30 сағат оқытуды аяқтау кезеңіндегі оқу-дала 

(лагерьлік) жиындарын өткізу кезеңіне беріледі. Қыздармен өткізілетін алғашқы әскери даярлық бойынша сабақтар 

жекелеген сабақтарды (тактикалық, от және шептік даярлық) қоспағанда, ұл балалармен бірге жүргі зіледі. Сабақтарды 

бөлек өткізу кезінде қыздармен сабақ өткізу медициналық білім негіздері бойынша тақырыптарға сәйкес жүргізіледі. Ұл 

балалармен өткізілетін 3-күндік оқу-дала (лагерьлік) жиындары кезінде қыздар медициналық мекемелерде практикадан 

өтеді. Практикадан өту орнын білім беру органдарының және төтенше жағдайлар басқармаларының келісімі бойынша қалалық 

және облыстық денсаулық сақтау органдары анықтайды. 

      17. Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақыттарының көлемі тиісінше 70%-ды 

және күндізгі оқыту нысаны үшін қарастырылған оқу сағатының тиісті көлемінің 30%-ын құрайды. 

4. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар 

      18. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар: 

      1) білім алушылар тиісті білім беру бағдарламаларын оқуды аяқтағаннан кейін және аралық, қорытынды 

аттестаттаудан өткеннен кейін нақты мамандық бойынша біліктіліктің белгіленген және/немесе жоғары деңгейін (разряд, 

санат) беруі; 

      2) білім алушылар оқытудың толық курсын аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын 

маманы біліктілігінің деңгейін беруі; 

      3) білім алушылар жоғары техникалық мектепте оқытудың толық курсын аяқтағаннан кейін және қорытынды 

аттестаттаудан өткеннен кейін кіші инженер біліктілігінің деңгейін беру мүмкіндігін көздейді.  

      19. Базалық құзыретке қойылатын талаптар қазіргі қоғамда кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және 

әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін әмбебап білім, шеберлік пен дағды, қасиеттер мен қабілеттер ретінде 

мазмұндалады. 

      20. Кәсіптік құзыретке қойылатын талаптар маманның кәсіптік қызметін жеке орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін 

бағалауға, қызметтің негізгі міндеттерін шешуге, сондай-ақ білім, шеберлік, дағдының белгілі бір көлемін меңгеруге 

деген даярлығы ретінде мазмұндалады. 

Техникалық және кәсіптік білім    

берудің мемлекеттік жалпыға     

  міндетті стандартына       

1-қосымша            

      



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет