5. Магистратураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен
меншік нысанына қарамастан магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру
қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
6. "Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар" оқытудың нәтижелері
Дублин дескрипторларының 2-деңгейі (магистратура) негізінде айқындалады және
құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де,
модульдің, жеке пәннің деңгейінде де сипатталады.
Екінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) ғылыми зерттеулер контексiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн
негiз немесе мүмкiндiк болып табылатын жоғары бiлiм деңгейінде меңгерген дамытылып
отыратын бiлiмі мен түсiнігін көрсете білу;
2) зерттеп отырған саламен байланысты контекстер мен одан да кеңірек (немесе
пәнаралық) салаларда жаңа немесе белгісіз жағдайлардағы проблемаларды шешуде бiлiмін,
түсінігін және қабілетін қолдана алу;
3) бiлiмдi интеграциялау, қиындықтарды жеңе білу және толық емес немесе шектеулі
ақпарат негізінде тұжырымдамалар жасау, осы тұжырымдамалар мен білімін этикалық және
әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып қолдана білу;
4) өз қорытындыларын және бiлiмін, олардың негіздемесiн мамандар мен маман
еместерге айқын және ашық хабарлау;
5) білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
7. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің
нормативтік мерзімдері, жоғары оқу орындарында білім алушылардың міндетті меңгеруін,
олардың типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан міндетті
түрде меңгеруі тиіс мазмұнның көлемі көрсетілген.
8. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар"
деген бөлімде магистранттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе
оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенетіні көрсетілген.
9. Осы стандарт магистранттарды даярлау деңгейіне және жоғары оқу орындарының
білім беру қызметіне міндетті қойылатын талаптар негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беруді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: