Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


 Білім алушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата10.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#80800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
gosudarstvennyi obsheobyazatelnyi standart poslevuzovskogo obrazovaniya.01-09-2018.kaz

 2. Білім алушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар 
10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім философия докторы (PhD) және бейіні бойынша 
доктор дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.
11. Кәсіптік құзыреттіліктер магистратураның әрбір мамандығы бойынша кәсіптік 
стандарттар негізінде жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары 
ескеріле отырып анықталады.
ӘАОО-да оқу нәтижелері кәсіби құзыретке (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік 
талаптарына) сәйкес бітірушінің құзырет моделіне сәйкес келуі қажет.
12. Ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау докторантурада кемінде үш жыл оқу 
мерзімімен философия докторы (PhD) мен бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып 
жүзеге асырылады.


13. Докторантурада білім алу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тек 
күндізгі оқыту нысанында жүзеге асырылады. Бұдан басқа докторантурада білім алу ақылы 
негізде:
1) шетел азаматтары үшін;
2) жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, кәсіпорындар мен 
ұйымдардың өтінімдері бойынша;
3) жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша бейіні бойынша және DBA және 
докторантурада жүзеге асырылады.
ӘАОО-да докторантураға оқу күндізгі нысанда жүзеге асырылады. Білім алушылардың 
санатына байланысты қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқытуға жол 
беріледі.
14. Докторантураның оқу жоспарларының барлық нысандарында пәндерді кодтаудың 
бірыңғай жүйесі қолданылады.
Әрбiр пән қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс. Ол бiр академиялық мерзiмде 
меңгеріліп, аяқталған соң докторанттар емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды 
тапсырады, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар), 
докторанттардың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыстары, тағылымдама бойынша 
дифференциалды сынақ тапсырады.
15. Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті пәндерінен 
тұрады. 
ӘАОО-да базалық пәндер циклі (БП) міндетті пәндерден және жоғары оқу орны 
компоненттерінен тұрады.
16. Базалық пәндер (БП) циклінің міндетті компоненті көлемі үлгілік оқу жоспарының 
жалпы көлемінің 4%-ын немесе 3 кредитті құрайды.
Таңдау компонентіндегі докторанттың білімге қажеттілігі оқудың қосымша түрлері 
есебінен іске асырылуы мүмкін.
ӘАОО-да БП циклінің пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарының пәндік жалпы көлемі 
кемінде 4% немесе кемінде 3 кредит болады. ЖОО компонентіндегі докторанттың білімге 
қажеттілігі оқудың қосымша түрлері есебінен іске асырылуы мүмкін.
17. Бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 16%-
ын немесе 12 кредитті құрайды.
Бейіндеуші пәндер циклінің пәндері таңдау компонентіне жатады және оларды жоғары 
оқу орны өзі айқындайды.
ӘАОО-да бейіндеуші пәндер (БП) циклінің көлемі үлгілік оқу жоспары пәндерінің 
жалпы көлемі кемінде 16% немесе кемінде 12 кредит болады. БП циклінің пәндері ЖОО 
компонентіне қатысты болады және ӘАОО дербес айқындайды.
18. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. 
Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді. 
19. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін докторанттың, жұмыс берушілердің 
сұраныстарына және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары оқу орны өзі 
айқындайды.
ӘАОО-да ЖОО компоненті пәндерінің тізбесін ӘАОО дербес айқындайды.
20. Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны осы стандартқа 12-
қосымшаға сәйкес белгіленеді.
ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламаларының мазмұны осы стандартқа 13-
қосымшаға сәйкес белгіленеді.
21. Докторанттың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері білім беру саласындағы уәкілетті 
орган бекіткен Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру қағидаларына сәйкес ғылыми
ғылыми-талдау және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет