Білім, ғылым, техника және технологиялар


Ыбырай білімге талпынуға, білімдіден үйренуге үгіттейді. «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал – мектеп… қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты»



бет3/8
Дата11.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#42279
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8

Ыбырай білімге талпынуға, білімдіден үйренуге үгіттейді. «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал – мектеп… қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты»

«Бір құдайға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!


Ыбырай Алтынсарин (1841–1889)

Ы. Алтынсарин оқу үшін қажетті қасиеттер туралы

Ы. Алтынсарин оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына ерекше мән берген ағартушы. Ол оқу үшін инемен құдық қазғандай ыждағаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді.

Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады.

«Надандықтың белгісі,

Еш ақылға жарымас.

Жайылып жүрген айуандай,

Ақ, қараны танымас...

Жөн білмеген наданға,

Қыдыр ата дарымас»

Ыбырай Алтынсарин білімділіктің маңызы туралы

Ы.Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар» атты еңбегінде білімділіктің маңызын қазақ халқын дамыған елдердің қатарына жеткізуінде деп білді:


«Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды,
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды,
Адамды құстай ұшырды
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді,
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді!..»

Қазіргі Қазақстандағы «білімді адам» моделі

  • 1) функционалдық және шығармашы-лық білімді қолдану;
  • 2) сыни тұрғыдан ойлау;
  • 3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • 4) ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану;
  • 5) коммуникацияның әр түрлі тәсілдерін қолдану, соның ішінде тілдік дағдылар;
  • 6) жеке және топта жұмыс істеу қабілеті»

Қазіргі білімді адам - әлемді игеріп, ондағы өзінің орнын таба алатын, заман сұранысына сай өзегін өзгерте алатын, іскер адам. Яғни білімді тек білдіру үшін ғана емес, соған сүйеніп, тез жол табуға икемді, ішкі қуатты мобильді, білікті тұлға пісіп-жетілуіне бағыттау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет