Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Пән: «Философия» Дәріс-презентация №6 Білім беру, ғылым, техника және технологиялар философиясы Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна
Джон Дьюи өзінің «Мектеп және қоғам» (1899), «Болашақ мектептері» (1915), «Демократия және білім беру» (1916) атты енбектерінде прагматизмге, әсіресе, оның инструментализм деген тармағына сүйеніп, білім беру философиясының негізін қалаған. Дж. Дьюи бихевиоризм психологиясына сәйкес интеллектті қоршаған ортаға бейімделудің және аман қалудың басты құралы, ол біздің қажеттіліктерімізге сәйкес шындықты өзгертуге бағытталған деп сипаттайды.
Дж. Дьюидің білім беру философиясының түйінді ұғымдары: коммуникация, ғылыми ойлау, тәжірибе.
Дж. Дьюи пікірінше, білім беру – қоғамды демократияландырудың басты құралы. Сондықтан мектеп баланың ойлау қабілетін дамыту үшін, оны еңбекке үйретуі тиіс.