Дәріс-презентация Білім, ғылым, техника және технологиялар философиясы Құрастырған: әлеуметтік ғылымдарының магистрі Ғабит ХАФИЗ Павлодар – 2022 -2023 оқу жылы Студенттерге арналған сұрақтар? 1. Білім деген не? 2. Білімге қалай жетеміз немесе білім қайдан келеді? 3. Ғылым деген не? 4. Техника деген не? 5. Технология деген не?
Білім беру, ғылым, техника және технологиялар философиясы
1.Білім беру философиясы
2.Ғылым философиясы
3.Техника философиясы
4.Технология
Білім деген не? Білім - адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық.
Білім беру философиясы
Білім беру философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелер талқыланады.
Білім беру философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуының себептері :
1)білім беру технологияларының өзгеруі;
2) білім көлемінің өсуі;
3) қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі.
Білім беру – адам мен қоғам үшін құндылық
Сократ: «бірден-бір ізгіліік -
білім, бірден-бір зұлымдық -
надандық»
Ф. Бэкон: «Білім – күш »
Білім беру философиясының пайда болуы
Джон Дьюи өзінің «Мектеп және қоғам» (1899), «Болашақ мектептері» (1915), «Демократия және білім беру» (1916) атты енбектерінде прагматизмге, әсіресе, оның инструментализм деген тармағына сүйеніп, білім беру философиясының негізін қалаған. Дж. Дьюи бихевиоризм психологиясына сәйкес интеллектті қоршаған ортаға бейімделудің және аман қалудың басты құралы, ол біздің қажеттіліктерімізге сәйкес шындықты өзгертуге бағытталған деп сипаттайды.