Білім және әлеуметтік теңсіздік Білім-қоғамның әлеуметтік жүйесінің бірі, маңызды әлеуметтік институты. Білімнің мазмұны қоғамның бір күйден екінші күйге өтуін,қалпын білдіреді.
Қазіргі білім институты күрделі инфрақұрылымнан тұрады: оқу орындары мен үйлестіруші орталықтар желісінен, қаржыландыру жүйесінен, кәсіби оқытушылар құрамынан, оқушыларды оқыту әдістері мен білімін бағалау жүйесінен жасалған оқу бағдарламалары мен оқу құралдарынан, көрнекі оқытудың қосымша техникалық құралдарынан және т.с.с. құралған.
Білім ұғымының мазмұны негізінен төрт аспектіден көрінеді:
Құндылық ретінде. Білімнің құндылығы жеке адамның, мемлекет пен қоғамның мақсатының бірлігінде.Жүйе ретінде. Қоғамның әлеуметтік жүйесінің көптеген әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу-тәрбие ұйымдары мен орындарынан, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерден, әр түрлі орындағы білімін жетілдіру буындарынан тұрады. Процесс ретінде. Білім процесс ретінде білімді, дағдыны және ептілікті беру мен игертуде және жан-жақты тұлғаны қалыптастыруда өзара байланысқан екі құрылымдық компоненттен- оқу және тәрбие процесінен тұрады.Нәтиже ретінде.Ол инвидуальдық-тұлғалық және қоғамдық-мемлекеттік деңгейде бағаланады.
Әлеуметтік теңсіздік – жеке индивидтер, әлеуметтік топтар, қабаттар, таптар тік әлеуметтік мобильдік иерархиясының әр түрлі сатыларында тұратын, өмірлік тең емес және қажеттіліктерді қамтамасыз етудің мүмкіндіктерге ие әлеуметтік дифференцияның ерекше түрі.
Әлеуметтік теңсіздік білім саласына қалай әсер етеді?Негізінен, мектептер ешкімнің байлығына, дәулетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай барлығына тең қарауға міндетті. Дегенмен, әлеуметтік теңсіздік туралы жүргізілген жаһандық зерттеулердің бірінде мүлдем олай еместігі белгілі болды. Мамандардың айтуынша, жыл сайын байлар мен кедейлер арасындағы білім айырмашылығы артып барады.Зерттеу нәтижелеріне сенсек, 60 мемлекетте ең бай және ең кедей адамдар арасындағы білім алу жасында үш жыл айырмашылық бар. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларда шыққан он баланың тек біреуі ғана бай отбасынан шыққан балалардың білім нәтижесіне жетеді екен.