2-тарау. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі
11. COVID-19 пандемиясы жағдайында бүкіл әлем бойынша ЖЖОКБҰ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдады.
12. АҚШ-та қашықтықтан оқытудың бірыңғай форматы жоқ, әрбір оқытушы форматты өз бетімен таңдайды. Дәрістің ең кең таралған түрлері: (1) course capture (оқытушы камерамен жабдықталған аудиторияда дәріс оқиды және осыдан кейін дәріс жазбасы жүйеге салынады), (2) Zoom –да бейнелі дәріс (білім алушылар чатта немесе дауыспен сұрақтар қоя алады), (3) білім алушылардың оқытушысыз материалдарды өз бетімен игеруі.
АҚШ университеттері оқу процесін ұйымдастыру нысандары мен оқыту түрлерін өз бетімен анықтайды, оңтайлы әлеуметтік қашықтық үшін кестелерді қайта қарастырады және қажеттілік болғанда карантин режимін белгілейді.
АҚШ-тың ЖОО-да оқытуды ұйымдастыру сатылары:
1) 1-саты қашықтықтағы әдістер көмегімен толығымен ұсынылатын/жеткізілетін кез келген сыныпқа, оқиғаға, кездесуге немесе жиналысқа жатады. 1-саты – бұл барлық оқыту мақсаттары түрлі қашықтықтан оқыту әдістерінің көмегімен қол жеткізілетін және бағаланатын курс. Қолданылатын қашықтық әдістері синхронды және/немесе асинхронды болады;
2) 2-саты гибридтік модальділік арқылы – қашықтықта және тікелей жақындықта өткізу дұрыс болатын кез келген сыныпқа, оқиғаға, кездесуге немесе жиналысқа жатады. 2-саты – бұл қашықтықтан оқыту көмегімен барлық оқу мақсаттарына қол жеткізілетін және бағаланатын курс; алайда білім алушылар мен оқытушы арасында көзбе-көз өзара әрекет ету арқылы кейбір оқу мақсаттарына қол жеткізуге артықшылық беріледі. Мысалы, зертханалық курстар; клиникалық тәжірибе;
3) 3-саты - жеткізу көзбе-көз өзара әрекетті талап ететін кез келген сыныпқа, оқиғаға, кездесуге немесе жиналысқа жатады. Бұл барлық оқу мақсаттары оқу орнында оқытудың түрлі әдістемелерінің көмегімен ғана қол жеткізілетін және бағаланатын курс.
13. Ұлыбританияда шағын топтарда дәстүрлі күндізгі оқыту және пандемиядан туындаған бірқатар себептер бойынша елге келу мүмкіндігі болмаған жағдайда – аралас оқыту ұсынылады.
Кембридж университеті барлық дәрістерді онлайн-форматқа көшіру туралы шешім қабылдады. Сабақтарды күндізгі өткізу әлеуметтік қашықтықтандыру қағидаларын сақтау кезінде білім алушылардың тек шағын топтары үшін рұқсат беріледі.
14. Канада ЖОО-да оқу жылын шағын курстардан, семинарлардан, зертхана сабақтары мен кампустағы оқытудан тұратын аралас оқытумен, ал ірілерін – қашықтық курстарымен және дәрістерімен үйлестіретін аралас оқытумен ұйымдастыру жоспарланған. Бұл үшін оқытушыларды онлайн-оқытуда қолдайтын веб-сайт құрылған. Кампус аумағында зерттеулер өткізу кампус аумағындағы ресурстарға мұқтаж және осы жұмысты қашықтан орындай алмайтындармен шектелген. Оқытушылар мен қызметкерлердің көпшілігі қашықтықтан жұмыс істейді.
15. Қытайда ЖОО-лар барлық сабақтарды ClassIn, Canvas электронды платформалары және ЖОО веб-сайты арқылы онлайн-форматқа көшірді. Бұл ретте ПОҚ дәрістерді оқудың бірнеше мүмкіндіктеріне ие болады: (1) live режиміндегі дәрістер, (2) алдын ала жазылған дәрістер, (3) вебинарлар, (4) жаппай ашық онлайн-курстар (КАОК). Материалдар ЖОО-ның веб-сайтына жүктеледі. Кейбір ЖОО-лар психологиялық онлайн-қолдау, дипломдық жұмысты онлайн-басқару, жұмысқа орналасу бойынша онлайн-кеңес беру және басқа электронды қызметтер көрсетіледі. ПОҚ және студенттер күніне 16 сағат жұмыс істейтін чатқа қол жеткізе алады, онда олар сұрақтар қойып, көмек сұрай алады.
16. Аустралияда университеттер білім алушыларға оқуда көп икемділік беретін алдын ала жазылған дәрістер қолданылады. Білім алушылардың өздері өздеріне қызықты дәрісті таңдап, оқу контентін басқаруға құқылы. Сондай-ақ алдын ала жазылған дәрістер бөліктерге бөлінеді. Білім алушыларға барлық дәрісті тыңдау міндетті емес, оның орнына ол секциялар бойынша навигацияны қолдана алады. Жалпы бұл әдіс білім алушыларға өте қолайлы, себебі олардың Интернет жылдамдығына тәуелділігі азаяды және болашақта материалды қайталауға арналған ресурсы болады.
17. Малайзия Жоғары білім министрлігі онлайн оқуға 31 желтоқсанға дейін толығымен өту туралы шешім қабылдаған. Келесі білім алушылар санаты ол тізімге кірмейді: 1) магистранттар/докторанттар, оларға зертханаларда, шеберханаларда, дизайн-студияларда қатысу қажеттілігімен негізделген зерттеуді жалғастыру қажет және бұған рұқсат бар (мемлекеттік және жекеменшік ЖОО); 2) университетте оқуын тәмәмдау үшін клиникалық жұмыстарды, тәжірибелік тапсырмаларды, дизайн студияларында жұмыстар жүргізуі қажет түлектерге кампуста өткізуге рұқсат берілді, сондай-ақ техникалық мүмкіндіктері жоқтарға да көрсетілген жұмыстарды өткізу үшін кампусқа оралуға болады; 3) ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар.
18. Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ академиялық және басқарушылық дербестік шеңберінде жинақталған әлемдік оң тәжірибені пайдалана отырып және осы Ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, СЭР-ді сақтай отырып, оқу процесін оңтайлы ұйымдастыру туралы дербес шешім қабылдай алады.