4- Тарау. Санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, оқу процесін штаттық режимде ұйымдастыру
45. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай одан әрі тұрақты жақсарған жағдайда, бірінші және аралық курстардың білім алушылары санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, штаттық режимге көшеді. Колледж жұмысын біртіндеп қалпына келтіру жүзеге асырылады. Оқытудың штаттық режимін ұйымдастыру кезінде тәуекел тобына жататын, мынадай айғақтары:
1) 65 жастан асқан;
2) қатарлас ҚЖА бар (артериялық гипертония, СЖЖ және басқалар);
3) жоғарғы тыныс алу жүйесінің қатарлас созылмалы аурулары (ӨСОА, БА, өкпедегі фиброзды өзгерістер);
4) эндокринопатиялар (қант диабеті, метаболикалық синдром, семіздік және басқалар);
5) иммун тапшылығы жағдайлары (онкологиялық, гематологиялық, иммуносупрессивті терапиядағы науқастар және т. б.);
6) жүкті әйелдер;
7) басқа да ауыр созылмалы аурулары бар педагогтердің жұмысы шектеледі.
Аталған айғақтары бар оқытушыларды қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылады.
Оқытуды ұйымдастыру кезінде:
1) аудиториялардағы сабақтар кабинеттік жүйе жойыла отырып, кемінде 1,5 метр қашықтықтың сақталуын ескере отырып жүргізіледі;
2) сабақтар арасында әрбір топ үшін жеке үзіліс ұйымдастырылады;
3) кітап беру жөніндегі жұмысты қоспағанда, кітапханалардағы оқу залдары жабылады;
4) студенттерге, педагогтарға, өндірістік оқыту шеберлеріне, басқа қызметкерлерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама жүргізіледі.
Асханада тамақтану жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады.
5- Тарау. Санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, толық штаттық режимде оқу процесін ұйымдастыру
46. Қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай кезінде ТжКБ ұйымы толық штаттық режимде жұмыс істей бастайды.
47. Сабақ кестесі, ауысым тәртібі, өзгерістер қалпына келтіріледі. Студенттік жатақханалардың жұмысы жандандырылады.
48. Асханада тамақтану белгіленген тәртіппен ұйымдастырылады.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты
шектеу шаралары кезеңінде
техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға 1- қосымша