4. Топ жетекшісі қызметін орындайтын педагогтер: 1) ата-аналарды (заңды өкілдерді) жұмыс режимі туралы, кестедегі өзгерістер туралы, оқу процесін ұйымдастыру туралы, білім алушылардың оқу қызметінің, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, телекоммуникациялық құралдарды қолдану және білім алушылардың өзіндік жұмысы жағдайындағы барысы мен қорытындылары туралы хабардар етеді;
2) білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) байланысты жүзеге асырады;
3) үлгерім мен қатысуды бақылайды.
5. Білім алушы: 1) құралдардың көмегімен оқу курстарын өз бетінше зерделейді;
2) онлайн және (немесе) офлайн режимінде қашықтықтан оқыту сабақтарына қатысады;
3) оқу процесінің графигі мен кестесіне сәйкес бақылаудың барлық түрлерін тапсырады;
4) педагогтармен байланыста болады;
5) қолжетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен уақтылы танысады;
6) тапсырмаларды, оның ішінде ТжКБ ұйымы белгілеген қолжетімді байланыс құралдары арқылы, өз бетінше орындайды;
7) педагогке орындалған тапсырмаларды қолжетімді байланыс құралдары арқылы уақтылы ұсынады;
8) қол жетімді сандықты білім беру ресурстарды пайдаланады.
6. Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері): 1) жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;
2) білім алушылардың тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
3) педагогтермен, топ жетекшілерімен байланыс жасайды;
4) оқу үшін жағдай жасайды;
5) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, білім алушылардың денсаулығы үшін қажетті жағдайлар жасайды және оларды инфекциялық ауруларды жұқтырудан сақтайды.
7. ҚБТ жауапты: 1) қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесіне қатысушылар үшін нұсқаулықтар мен ұсынымдарды әзірлеу бойынша платформалар/ААЖ әкімшілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
2) ҚБТ-ны пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылардың оқу процесін ұйымдастыруға дайындығын анықтау бойынша мониторинг жүргізеді;
3) техникалық жағдайлар жасау мәселесі бойынша (серверлерді дайындау, бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау және басқалар) өңірлердің білім басқармаларының ТжКБ бөлімдерімен, интернет - платформаларды әзірлеушілермен, ТжКБ ұйымдарымен бірлесіп онлайн-кеңестер ұйымдастыруға қатысады);
4) ААЖ/платформалар әкімшілерімен бірлесіп, ТжКБ ұйымдарының педагогтері үшін оқыту вебинарларын өткізу кестесін айқындайды.