Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет139/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   240
Бастапқы талаптар: 
Осы модульмен жұмыс жасамас бұрын студенттер Сызу, Математика, 
Физика, Химия, Геометрия сияқты пәндерді оқуы керек. 
Қажетті оқу материалдары: қалам, дәптер, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, 
калькулятор. 
 
Технологиялық жабдықтард мен автоматтандырылған желілердің 
жұмыс істеу қабілеті оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің 
жоспарлы-алдын алу жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Жоспар бойынша алдын-ала жөндеу (ЖАЖ) жүйесіне қабылданған 
жоспарға сәйкес орындалатын жабдықтар мен автоматтандырылған 
желілерді күту, қадағалау және жөндеу бойынша ұйымдастырушылық-
техникалық іс-шаралар кіреді. ЖАЖ жүйесінің арқасында жабдықты жөндеу 
кестесіне сәйкес оны тоқтату алдын-ала жоспарланады, қосалқы бөлшектер, 
материалдар және т. б. дайындалады.


182
Тозған бөлшектерді ауыстыру, реттеу және жөндеу үшін жабдықтар 
мен автоматтандырылған желілерді уақтылы тоқтату оларды ұтымды 
пайдалануды қамтамасыз етеді.
Жабдықтар мен автоматтандырылған желілердің істен шығуын 
болдырмау үшін олардың техникалық жай-күйі туралы жүйелі түрде ақпарат 
болуы қажет. Машиналар мен автоматтандырылған желілерді жоспар 
бойынша жөндеу техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының 
ырғағын дұрыс ұйымдастыруға ықпал етеді. Бұл - бүкіл өндіріс жұмысының 
тиімділігінің негізі.
4.1 Технологиялық жабдықтард жоспар бойынша жөндеу 
Технологиялық жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жоспарлау және 
ұйымдастыру 
әрбір 
кәсіпорынның 
жөндеу 
шаруашылығының 
функционалдық міндеттері болып табылады [7]. 
Жөндеу шаруашылығының міндеті - жоспарланған тапсырмаларды 
орындау кезінде берілген дәлдік пен пайдалану сипаттамалары бар 
жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 
Жабдықты жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын 
бір жылдық шығындар жабдықты сатып алу құнының 10-25% - ын құрайды. 
Жабдықты жөндеу өнімнің өзіндік құнының 6-8% құрайды.
Жөндеу шаруашылығын және техникалық қызмет көрсетуді 
ұйымдастыру жабдықты жоспарлы алдын-ала жөндеу жүйесіне (ЖАЖ) 
негізделеді. 
4.1-суретте кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру 
құрылымы көрсетілген.
Кәсіпорынның жөндеу қызметінің негізгі функциялары: 
1) Жабдықты паспорттау және аттестаттау
2) Жабдықты жөндеудің технологиялық процесстерін әзірлеу; 
3) Жабдықты жоспарлы алдын-ала жөндеу (ЖАЖ); 
4) Жабдықтарды жаңғырту. 
Жөндеу жұмыстарын басқару - бұл кәсіпорынның ресурстарын 
басқару. Бұл жағдайда кәсіпорынның "Негізгі құралдар" деп аталатын 
ресурстарын (құрамы 4.2-суретте көрсетілген) қарастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет