Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет60/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   240
 
 
 
 
1. Айналу денелері үлгісіндегі бөлшектерді (біліктер, өстер және 
т.б.) дайындау. 
Айналу денелерінің пішіні бар бөлшектерді үш топқа бөлуге болады: 
біліктер, втулкалар және дискілер. Мұндай бөлшектердің цилиндрлік 
беттерін өңдеу кезінде келесі операциялар орындалады: жону, ажарлау,
жылтырату, тегістеу, бытырамен үрлеу. 
Айналу денелерінің пішініне ие бөлшектердің дайындамаларын 
жонудың келесі түрлері бар: 
- дөрекі жону – өңделген беттің кедір-бұдырлығы
мкм
R
a
50
5
,
12 

болады; 
- таза жону - өңделген беттің кедір-бұдырлығы
мкм
R
a
5
,
2
8
,
0 

болады; 
- таза жұқа және жұқа жону - өңделген беттің кедір-бұдырлығы
.
8
,
0
1
,
0
мкм
R
a


болады; 
Бұл операциялар әр түрлі станоктарда орындалады: токарлық винт-
кескіш, токарлық-револьверлі, көп кескішті, токарлық-карусельді, бір 
шпиндельді және көп шпиндельді токарлық жартылай автоматтар мен 
автоматтар. 
Ажарлау сыртқы цилиндрлік беттерді әрлеудің негізгі әдісі болып 
табылады және ажарлаудың  келесі түрлері қолданылады: 
- сыдырма; 
- дәл ажарлау, алдын-ала және аяққы болуы мүмкін дәл; 
- жұқа ажарлау. 
Сыртқы цилиндрлік және конустық беттерді ажарлау дөңгелетіп 
ажарлау станоктарында жүзеге асырылады, бұл жағдайда өңделетін бөлшекті 
станоктың «центрлері» көмегімен, цангада, патронда немесе арнайы 
сайманда орнатуға болады. 
Тегістеу бөлшектердің алдын-ала ажарланған беттерін түпкілікті аяққы 
өңдеу операциясы болып табылады. Сыртқы цилиндрлік беттерді тегістеу 
шойыннан, қоладан немесе мыстан жасалған, әдетте алдын-ала майлы 
абразивті микроұнтақпен (түйіршіктерінің өлшемдері 3-20 мкм) немесе 
арнайы пастамен шанжирланған («притир» бетіне абразивті түйіршіктерді
енгізу) «притир» деп аталатын аспап көмегімен орындалады. Абразивті ұнтақ 
жасау үшін корунд, хром тотығы, темір тотығы, т.б. қолданылады. 
Жылтырату - майланған ұсақ түйіршікті абразивті ұнтақ жағылған 
жұмсақ дөңгелекпен таза өңдеу процесі. Жылтыратқыш жұмсақ шеңберлерді 
жасауда войлок, фетр, парусина, былғары қолданылады. Абразивті аспаптың 
жаңа түрі – графитпен толықтырылған жылтыратқыш дөңгелек. 
Жаншып тегістеу – металл жаңқаларын алмай үйкеліс әсерімен 
беттерді қысыммен өңдеу операциясы. Бұл операцияның көптеген түрлері 
бар. Жаншып тегістеу нәтижесінде беттің геометриялық параметрлері мен 
бөлшектің беткі қабатының физика-механикалық қасиеттері белгілі бір 


72
дәрежеде өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты, жаншып тегістеу үш 
түрге бөлінеді: 
- калибрлеу - беттің өлшемінің дәлдігін арттыру және кедір - 
бұдырлығын азайту үшін;
жаншып тегістеу – өңделетін беттің кедір-бұдырлығын азайту үшін; 
- əрлеу - материалдың беткі қабатының беріктігін арттыруға 
бағытталған. 
Бытырамен үрлеу процесінің мәні - өңделетін бетін пневматикалық 
немесе механикалық жолмен болаттан немесе шойыннан өндірілген 
бытырамен үрлеу арқылы соққылау. Осы өңдеудің нәтижесінде өңделген бет 
тығыздалып қалады. Бытыраны үрлеуге арналған пневматикалық 
құрылғылар құмды үрлейтін аппараттар секілді жұмыс істейді. Механикалық 
құрылғыларда үлкен жылдамдықпен айналатын ротор болады, ол бытыраны 
бөлшектің өңделетін бетіне қарай лақтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет