Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А


Тесіктерді зенкерлеу, зенковкалау және цековкалау



Pdf көрінісі
бет63/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   240
 
Тесіктерді зенкерлеу, зенковкалау және цековкалау. 
Зенкерлеуалдын-ала бұрғыланған, штамталған, құйылған немесе 
басқа да әдістермен алынған тесіктердің дәлдігін артыру мақсатында 
жүргізілетін операция.


74
Зенковкалау – тесіктердің кіре берісінде болт, винт, заклепкалардың 
емін-еркін кіруін қамтамасыз ететін ойықтар мен фаскалар жасау 
операциясы. 
Цековкалау – бекіткіш сақиналарды, бобышкаларды шайба мен гайкға 
ыңғайлап, шеткі беттерді тазалау операциясы. Бұл операция тұрақты 
бұрғылау жабдықтарында орындалады [14].. 
Зенкерлеу, зенковкалау және цековкалау операцияларын орындау үшін 
арнайы аспаптар (шенкерлер, зенковкалар, цековкалар) қолданылады. 
Зенкерлердің бұрғылармен салыстырғанда көптеген (үш немесе төрт) 
кескіш қырлары болады. Олар өңделген беттердің дәлдігі мен кедір-
бұдырлығын жоғары деңгейге жеткізуде маңызды рөл атқарады. 
Конструкциясы бойынша бұтін насадкалы зенкерлер болады. 
Цековкалар приливтер мен бобышкалардың шеткі беттерін таза кесуге 
арналған. Олар бір жақты және екі жақты болып келеді. 
Ұңғылау – тесіктерді таза өңдеу операциясы. Зенкерлеу сияқты, 
ұңғылау да алдын-ала бұрғыланған, зенкерленген, штамталған, құйылған 
немесе басқа да әдістермен алынған тесіктердің дәлдігін артыру мақсатында 
жүргізіледі. Бұл операция слесарлық (қолмен) немесе станоктық ұңғылар 
көмегімен жүзеге асырылады. 
Тістерінің қадамы біркелкі емес ұңғылар, әдетте тесіктерді қолмен 
өңдеуде қолданылады. Олар «огранканы», яғни бұрыс цилиндрлік форманың 
қалыптасуын болдырмайды. Қолдық ұңғының құйрықшасы воротқа 
орналастыру үшін квадратты болады. Диаметрі 10 мм-ге дейін машиналық 
ұңғылардың құйрықшасы цилиндpлік, диаметрі 10 мм-ден жоғары 
ұңғылардікі конустық боп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет