7
«Машина жасау технологиясы» пәнін игеруге келесі пәндерді
оқығаннан кейін кірісуге болады:
- машина жасаудағы сызу (көріністер, түрлері, қималар, кесінділер,
сызбалардағы өлшемдерді қою);
- теориялық механика (статиканың заңдары мен аксиомалары,
жазықтықтағы күштер жүйесі; графостатика; күштердің еркін жүйесі;
ауырлық центрі және т.б.);
- материалдар кедергісі (созылу және сығылу, бұралу, тік иілу, тік
стерженнің бойлық иілуі, беріктік теориясы, динамикалық жүктемелердің
әсері, уақыт бойынша өзгеріп тұратын кернеу);
- машина бөлшектері мен тиеу-тасымалдау қондырғылары (бұрандалы,
пісірілген, сына, шпонкалы, шлицті және профильді қосылыстар,
механикалық берілістер (тісті, червякты, ременді, шынжырлы және т.б.),
біліктер мен өстер, подшипниктер, серіппелер, корпустық бөлшектер және
майлау құрылғылары;
- өз-ара алмастыру негіздері (шектеулер мен отырғызулар жүйесі,
кедір-бұдырлылық);
- материалдарды кесу теориясы (жону, бұрғылау, зенкерлеу, ұңғылау,
фрезерлеу, сүргілеу, ажарлау, тарту, тістерді кесу және бұранда кесу
кезіндегі кесу режимдері).
Достарыңызбен бөлісу: