12
2 - БӨЛІМ. ӨНДІРІСТІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАНМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ САЙМАНДАРДЫ ОРНАТУ
«1014000 – Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша
«Техник-механик» біліктілігінің сипаттамасына сәйкес «Өндірісті
технологиялық құрал-сайманмен қамтамасыз ету және саймандарды орнату»
модулі білім алушылардың машина жасау өндірісін технологиялық құрал-
сайманмен және металл кесетін станоктарға саймандарды орнату әдістерімен
үздіксіз қамтамасыз етуде арнайы теориялық білім мен практикалық
дағдыларды игеруіне бағытталған.
Оқу мақсаттары
Осы модульді зерделеу нәтижесінде білім алушы:
білетін болады:
- өндірісті технологиялық дайындау тәртібін (ӨТД);
- машина жасаудың технологиялық процесінің құрылымы мен оның
сипаттамасын;
- машина жасау өндірісіндегі технологиялық құрал-сайманның жіктелуі
мен жұмыс істеу принципін;
- құрал-саймандардың негізгі жабдықпен, яғни металл кесетін
станоктармен байланысын және оларға саймандарды орнату әдістерін;
- технологиялық құрал-саймандардың әрбір түрі бойынша
кәсіпорынның шығын нормалары мен қажеттілігін, олардың зауытішілік
айналым схемаларын;
- машина жасау кәсіпорнындағы аспаптық шаруашылықты, құрал-
саймандар қорын есептеу әдістемесін;
- металл кесетін станоктарға арналған арнайы саймандарды жобалау
тәртібін және оларды жасау шығындарын анықтауды;
- машина жасау өндірісінің негізгі жабдықтарын іске қосу-реттеу
жұмыстарын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын стандарттарды,
техникалық шарттарды, ережелер мен құралдарды;
- технологиялық жабдықтарды монтаждау, реттеу, баптау және жөндеу
бойынша жұмыстарды ұйымдастыру кезінде заманауи ақпараттық-есептеу
жүйелерін қолдануды.
Орындай алады:
- құрал-саймандардың сапасын, сақталуын, жұмыс орындарына
жеткізілуін, жөнделуін және қолданылуын бақылауды;
- құрал-саймандарды қолдану тиімділігін арттыруды;
- технологиялық құрал-саймандарды қолдану тиімділігін арттыру
бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуді;
- жұмыстарды орындау жоспарын және технологиялық жабдықты
жобалаудың технологиялық картасын жасауды;
- жерге жүктемені есептеп, жабдық үшін іргетас түрін таңдауды;
|