Жас дағдарыстары- онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістерімен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама, ұзақ емес ерекше кезеңдері. Жас дағдарыстары жас тұрғысындағы бір сатыдан екіншісіне өтумен байланысты пайда болуы мүмкін және оның әлеуметтік қатынастар, сана саласындағы жүйелі сапалық түрленумен байланысты.
Жас психологиясы- адам психикасының дамуын және оның жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдерге ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы. Жас психологиясы бала психологиясын, ересек адамның жекелей даму психологиясын және геронтологиялық психологияны (қарттық психологиясын) қамтиды.
Жасқа қатысты сензитивтілік- белгілі бір психологиялық қасиеттер мен процестердің дамуы үшін қажет жағдайлардың белгілі бір жас кезеңіне тән оңтайлы ұштасуы.
Зейін - адамның санасының айналадағы объектілердің, болып жатқан құбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, назарын тұрақтатуы.
Зеректік - адамның белгілі бір ақпаратты қабылдау, санасына сіңіру және қорыту қабілетінің жоғарылығы. Зерек адам дамудың логикалык қағидаларының жетегімен бұрын жүріп көрмеген жолмен нысанаға жете алады, шығарып көрмеген есепті шығарады, шешіп көрмеген түйінді шешеді.
Зиялылық- адамның мәдениетке, парасатқа, түсінуге ден қоюшылығынан, мәдениеттің құндылығы мен қажеттілігін түйсінуінен көрінетін қасиеті.
Зият, парасат (интеллект) - индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. 3ият ақпаратты мақсатты бағытты қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. 3ият функциялары: оқуға деген қабілеттілік; символдармен операция; қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
Зият тестілері(тест интеллекта)- индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Зият тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген логикалық топтастыру, ұқсастыру, қорыту және тағы басқа қатынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай өткені анықталады және зияттылық коэффициенті шығарылады.
Зоопсихология- жануарлардың психикалық процестерінің онтогенездегі
13
қалыптасуын, психиканың эволюция процесінде пайда болуын және оның дамуын, адам санасының биологиялық алғышарттарын және оның туылу тарихын зерттейді.
Идентификация– бір нәрсені, біреуді тану барысында субъект объектінің сыртқы мінез-құлық нысандарын, басқа адамның ойларын, сезімдерін, әрекетін өзіне көшіруі.
Идеомоторика - идеялармен берілген сыртқы әрекет. Бұлшық ет қозғалысының сол қозғалысты орындауға өтуі (немесе қозғалысты қамтамасыз ететін жүйке серпіндерінің пайда болуы). Идеомоторика қимыл мүшелерінен түсетін кері байланыс сигналдарымен басқарылады.
Икемділік - субъектінің алған білімдері мен дағдыларының жиынтығы арқылы іс-әрекетті орындауға қатысты меңгерген қабілеті. Икемділік жаттығу арқылы қалыптасады және іс-әрекетті үйреншікті жағдайда ғана емес, сонымен қатар өзгерген жағдайларда да орындауға мүмкіндік жасайды.