Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009



бет3/73
Дата22.12.2023
өлшемі234,1 Kb.
#142846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ Ïàâëîäàð ìåì

Агрессивтік мінез-құлық - адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъектің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады.
Аккомодация - көздің әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі, үйренуі. Антропогенез - адамның (Ноmо sаріеns) шығу процесі, оның физикалық
типінің қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс.
Антропология - адамзатты зерттеу, адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ғылым. Антропологияның негізгі бөлімдері: адам морфологиясы, антропогенез, нәсілтану туралы ілім.
Апатия - сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайлы қараудан, көңіл-күйдің басылып, көмескіленуінен болады. Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды.
Апперцепция - адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат- мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттерінің бірі.
Аралық ми - барлық омыртқалы жануарлар мен адам миының бір бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктерінің артқы бөлігінен дамиды. Аралық ми орта мидың алдында тұрады. Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, тері, ет және сіңір рецепторларынан импульстер келіп, одан әрі мидың басқа бөліктеріне тарайды.
Арман - психологияда: адамның келешекке бағытталған қиялы. Жетсем деген мақсат, мұратын, орындалу барысын ойша елестетуі, көксеуі. Іс-әрекетпен тікелей байланысып жатпағандықтан, оны шығармашылық қиялдың дайындық сатысы деуге болады.
Арнаулы психология - адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми зақымы ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістерін және осы саладағы әртүрлі аурулардың себептерін қарастырады. Оның тармақтары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология, патопсихология
Ар-ұят - ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты

6

білдіретін ұғым. Ол адамның әдептілік нормаларды сақтап, одан аспауына, іс-әрекет пен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет.
Ассоциация - психикалық құбылыстар арасындағы байланыстар. Бұл байланыста психикалық құбылыстардың бірінің (қабылдау, елестету) басымдылығы екіншісінің пайда болуын ілестіре жүреді. Ассоциацияның психофизиологиялық негізі - шарты рефлекс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет