Білім және ғылым министрлігі



бет4/8
Дата03.03.2022
өлшемі39,5 Kb.
#26952
1   2   3   4   5   6   7   8
Конфликт теориясы

Қазіргі ғалымдардың көбі нәсілдік және этностық теңсіздікті, әсіресе көпшілік пен азшылық топтар арасындағы теңсіздікті талдау үшін конфликт теориясын пайдаланады. Бұл теория бойынша шектеулі ресурстарға қатысты бәсекелестік барысында технологияға қолжетімділік пен құлиеленушілік сияқты тарихи жағдайлар кейбір топтардың үстемдігін күшейтті, ал басқа топтарды төмендетті. Артықшылықтары бар топтар өз билігін сақтау үшін басқа топтардың үстемдік етуіне жол бермейді (Tilly, 1998).

Конфликт теориясының нәсілдік және этностық теңсіздікке көзқарасы әлеуметтік теңсіздікке көзқарасымен бірдей деген пікір бар. Бір жағынан қарағанда, бұл теория «билік басындағылар мұнан пайда көреді және қолдағы билігі арқылы қалғандарды төмендетуге тырысады, сондықтан теңсіздік сақталады» деп пайымдайды.

Конфликтіні зерттеушілер басқа мәселелермен қатар, адам­дардың әділетсіздік салдарынан жақсы оқу орны, лайықты жұмыс, тұрғын үй сияқты басқа да игіліктерге қол жеткізе алмау себептерін қарастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет