Білім және ғылым министрлігі


Құрылымдық-функциялық теория



бет3/8
Дата03.03.2022
өлшемі39,5 Kb.
#26952
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әлеуметтану Нұркен 8

Құрылымдық-функциялық теория

Құрылымдық-функциялық теория әлеуметтік құ­рылымдарды қоғамның қалыпты әрекет етуіне тиімді ететін әдіс­терді және сол құрылымның тиімсіздігіне әкелетін, жалпы қоғамның мүдделеріне қайшы келетін се­бептерге баса назар аударатынын білдік. Құрылымдық-функциялық тео­рия қоғамдағы немесе кейбір топтардағы нәсілдік және этносаралық теңсіздіктің қалыптасу жолдарын анықтауға көмектеседі. Мысалы, оңтүстік плантациялардың иелері афроамерикалықтарды қоғамда толық құқылы адам қатарына санамай, Киелі кітапта құлдық жайлы жазылғанын өз пайдасына икемдеп ақталуы арқылы құлиеленушілікті қолдап шықты. Құлдар үшін бұл өте қиын кезең болды, ал «ақ» америкалықтар құлдардың арқасында оңтүстік штаттардың экономикасын көтеріп, мәдени және әлеуметтік заңдарды дамыта бастады.

Сонымен қатар құрылымдық-функциялық теорияшылар бұл жүйе­нің кемшіліктеріне баса назар аударады: құл иеленген қоғамның қайырымсыздығы ақыр соңында құлиеленушілік құрылысты жойып қана қоймай, АҚШ-ты азаматтық соғысқа әкеп тіреді, соның зардабынан оңтүстіктің экономикасы құлдырады. Сол сияқты, нәсілдік және этностық теңсіздікті қолдайтын кез келген қоғамда әлеуметтік конфликт туындайтыны күмәнсіз. Ал нәсілдік және этностық теңсіздіктің себебінен кейбір адамдардың қабілеті мен әлеуетін іске асыруға деген ынтасы шектелсе, ондай қоғам жаһандық нарықтан зиян шегеді. Себебі қоғам ол жағдайда адамдардың келешек дамуға қосатын маңызды үлесінен айырылады.

Нәсілдік және этностық қатынастарды зерттейтін құрылымдық-функциялық теория ғалымдары қоғамдағы теңсіздікті бәсеңдету жолдарын анықтап, жағдайды өзгертіп, сол арқылы азаматтық соғыс сияқты конфликтілерге жол бермей, қарекетті жалғастыру мүмкіндіктерін қарастырады. Нәсілдік және этностық қатынастар тұрғысынан ассимиляция процесіне баса назар аударылады. Құрылымдық-функциялық теорияшылар әртүрлі этностық және нә­сілдік топтардың америкалық мәдениетке сіңуін (ассимиляция) және кейбір топтардың сіңуіне тосқауыл болған (мысалы, әділетсіз заңдар) себептерді зерттейді.

Кейбір құрылымдық-функциялық әлеуметтанушылар «егер азшылық қоғамдар үстем мәдениетті ғана қабылдайтын болса, нәсілдік және этностық теңсіздік жойылады» деп санайды. Бұл көзқарас әлеуметтану ғылымынан қолдау таппады. Сондықтан нәсілдік қарым-қатынастарға қатысты құрылымдық-функциялық зерттеулер айтарлықтай дамыған жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет