Білім және ғылым министрлігі


Нәсілдік және этностық теңсіздіктерді түсіну



бет2/8
Дата03.03.2022
өлшемі39,5 Kb.
#26952
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әлеуметтану Нұркен 8

Нәсілдік және этностық теңсіздіктерді түсіну

Топтар қоғамда күн сайын өзара әрекетке түсіп отырған кезде жіктелу мен теңсіздік қалай шығады? Бұл тарауды нәсілдік және этностық теңсіздікті түсінуге қажетті мына тұжырымдамаларды қарастырудан бастаймыз: нәсіл мен этностың әлеуметтік құрылымы, дискриминацияның артуы, көпшілік пен азшылық топтар ұғымдары және олардың өзара әрекеттесуінің негізгі үлгілері.



8.2 Әлеуметтанудағы азшылық топ, плюрализм және ассимиляция ұғымдарының анықтамасы.

Өзара әрекетке түсу үлгілері

Нәсілдік және этностық топтардың арасындағы қарым-қатынас мынадай үш негізгі форманың бір түрі арқылы жүзеге асады: олар – плюрализм, ассимиляция, конфликт.



Плюрализм

Әрқайсысының өз дара мәдениеті бар екі немесе бірнеше топтың бір қоғамда теңдік сақтап, бейбіт қатар өмір сүруін плюрализм деп атаймыз. Шынайы плюралистік қоғамда алуан түрлі мәдениеттер­дің әрқайсысы бағаланады. Әрбірінің тең дәрежеде дәріптелетін салт-дәстүрлері бар. Айырмашылықтарына қарамастан, бір-бірінің мәдениетін танып, біліп, ықпалдасу адамдардың әлеуметтік тұрғысына кері әсерін тигізбейді. Сонымен бірге қоғам мүшелерінің барлығы бірлік пен ынтымақтастықты мақтан тұтады.

Құрама Штаттар толығымен плюралистік болмағанымен, әртүрлі нәсілге және этностық топтарға жататын балалар оңай тіл табысады.

«Жеке-дара», шын мәнінде, үнемі «тең» деген мағынаны білдірмейді. Мұны «ақ» америкалықтар мен афроамерикалықтар, ағылшын және француз тілдерінде сөйлейтін канадалықтар немесе Ирактағы шиит және суннит мұсылмандар арасындағы қарым-қатынастарға қарасақ түсінеміз. Солай дегенмен, өздерін плюралистік деп санай­тын елдер теңдік идеясын сырттай қолдайды.

АҚШ-та шынайы плюрализм орнамаса да, бұл тұрғыдан көптеген басқа қоғамдарға қарағанда едәуір жетістікке қол жеткізілді. Ақ нәсілді және басқа америкалықтар бір мектепте оқиды, бір-бірімен көрші тұрады, тең әлеуметтік топтарға жатады және өзара отбасын құра береді.

Ассимиляция

Ассимиляция – азшылық топ мүшелері көп­шіліктің мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеру барысында өзінің мәдени, рухани ерекшеліктерін жоғалту процесі. Ассимиляция нәтижесінде азшылық топтар біржола жоғалуы мүмкін. Мысалы, көптеген «ақ» америкалықтар өздерінің түп атасы бөтен ұлттың өкілі болғанына сенімді. Демек, олар ата-бабасының мәдениетінен бейхабар.

Тарихи тұрғыдан алғанда, АҚШ-қа қоныс аударғандардың көбі өз­дерінің ұлттық киімдерін киюден бас тартып, тез арада ағылшын тілін үйрене бастайды. Көшіп келген балалардың көпшілігі ана тілінде сөйлемей, ағылшын тілінде сөйлескенді ұнатады; сөйтіп, америкалық әдет-ғұрыптар олардың санасына тез сіңеді. Сол сияқты қазір көптеген америкалық еврейлер Рождествоны тойлайды (кем дегенде, рождестволық шырша қойып, безендіреді). Көптеген америкалық ирландтар тұздалған ет пен қырыққабатты тек Әулие Патрик күні жейді.

АҚШ-қа жақында келген иммигранттар мен олардың балалары да солай істейді. АҚШ-қа көшіп келушілердің (әсіресе Оңтүстік Азия­дан) біразының ғана кәсіби шеберлігі жоғары. Олардың өздері де, балалары да АҚШ-тағы орта және жоғары таптарға тез сіңісіп кетеді. Ал басқа иммигранттар (әсіресе латынамерикалық) кедейлер қатарын толтырады. Бірақ орташа есеппен алғанда, олардың балалары ата-аналарындай емес, кейде америкалық азаматтардың балаларынан да жақсы жұмысқа орналасады. Бұл отбасылардың ассимиляциялану деңгейі жиырмасыншы ғасырдың басында көшіп келген халықтың деңгейіне сай.

Кейбір латынамерикалық иммигранттардың балалары төмендеуші ассимиляция құбылысына тап болады. Төмендеуші ассимиляция иммигранттар ұрпақтарының америкалықтардың негізгі тобына емес, АҚШ-та туған азшылықтардың «жасырын» әлеміне сіңу процесін білдіреді. Төмендеуші ассимиляция АҚШ азаматтығын алмаған, білімі төмен, кедей мигранттардың балалары арасында жиі кездеседі. Әсіресе балалар өмір сүретін ортада тұрғылықты азаматтар тарапынан қолдау көрсетілмесе және қоныс аударғандардың бір-біріне көмектесуге жағдайы болмаса, бұл кеңінен орын алады.

8.3 Нәсілдік және этностық теңсіздіктерге теориялық көзқарастар: құрылымдық-функциялық теория, конфликт теориясы, символдық интеракционизм.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет