Стереотип – топ мүшелеріне қатысты алдын ала ұйғарылған, күмәнсіз, қарапайым пікір. Мысалы, барлық денелі, күшті адамдар дөрекі деп ойлау немесе Пуэрто-риколықтардың барлығы жақсы бишілер екеніне сену т.с.с.
Стереотиптердің өз орны бар. Бәлкім, қару ұстап, түсініксіз сөйлеп жүрген адамнан сақ болғаныңыз жөн деген жақсы идея болар. Сол сияқты «Гуччи» дүкенін таба алмай жүрсеңіз, оның қайда екенін сәнді киінген әйелден сұрау да дұрыс. Егер әрбір әлеуметтік қарым-қатынасты жаңадан бастау керек болса, бұрынғы тәжірибе (көргеніміз немесе естігеніміз) нәтижесі есепке алынбаса, адамдардың ұқсас немесе ерекше болуын айыра алмасақ, өмір қиын болар еді.
Екінші жағынан, стереотиптер әлеуметтік ықпалдасуда кедергі келтіреді, себебі басқа адамдарға қатысты жалған болжамдар жасауға әкеледі. Сондай-ақ мылтық ұстап тұрған адам актер болуы да мүмкін немесе сәнді киінген әйел әпкесінің киімін киген шығар. Шын мәнінде, азиялықтардың арасында математиканың білгірі де, пәнді түсінбейтіндер де болады. Кейбір ер адамдар спортпен шұғылданады, ал басқаларын бұл мүлдем қызықтырмайды. Кейбір компьютерлік данышпандар панк-рокты таңдайды, ал кейбір панк-рокерлер тоқығанды ұнатады.
8.5 Л. Н. Гумилевтың: этногенез теориясы.
Лев Гумилевтың этногенездік Пассионарлық теориясы тарихтағы оқиғаларды этностардың дамуы мен сол ландшафттың және басқа этностардың арасындағы қарым - қатынас ретінде сипаттайды. Негізінен мақала ретінде рецензиялық журналдарда басылып шығарылды, кейін диссертация негізінде көрсетілді, өзінің докторлық степендиясын қорғау мақсатында, бірақ ЖАК - мен қабылданған жоқ.
Лев Гумилевтың гипотезасы этнос ұғымын (дәлірек, этникалық жүйелердің бірнеше түрін) анықтайды және сипаттайды, сонымен қатар Пассионаризм ұғымын енгізеді және типикалық этногенез процессін және этностар арасындағы өзара байланысты сипаттайды.
Этногенездің Пассионарлық теориясы КСРО - да және басқа мемлекеттерде түсініспеушілік пен қолдау таппады.
Қазіргі уақытта ол теория Ресей, Қазақстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттердің жоғарғы оқу орнындарында этногенездің даму теорияларының біреуі ретінде оқытылады.
Пассионаризм — биохимиялық энергияның кей түрінің шамадан тыс болуы, сонымен қатар адамның ішіндегі анықталмаған, сол адамның өмірін және қоғамды өзгертуге бағытталған талпыныс. Ол ерлік және қылмыс, шығармашылық және құрту, жақсылық және жамандық, махаббат және жеккөрушілік. Адамға өз өмірінен қымбат зат - оның мақсаты. Ол адамды һақарман етіп те, көшбасшы етіп те көрсетпейді, өйткені адам сол ортаның жаман және жақсы жақтарын анықтай алған жағдайда пассионарлық топтың мүшесі болып есептеледі.
Лев Гумилевтің түсінігі әртүрлі жұмыстарда ерекшеленеді. Шындығында бұл тарихи - қоғамдық құбылыс, белгілі бір мекенде адамдардың көпшілігіндегі арнайы бір активтілік (пассионаризм).
Көбінесе оны жеке тұлғаның (топтың) тұқым құалайтын қасиет, сол тұлғаның (топтың) қысым мен талпыныс жарамдылығын анықтайды. Лев Гумилев осы мәселеге бірнеше мысал келтірген, бірақ пассионаризмнің табиғаты және тіршілігі жайлы айтпаған. Ол тек индивидтің пассионаризмі психологиялық ауыспалы екенің және космостық мутацияның салдарынан пайда болуы мүмкін деген. Бұл жерде біз тек гипотеза құрастыра аламыз. Бірінші Д. Эдди тапқан күннің активтілігімен байланысты, ал екіншісі “Сверхновая” жарқылдарымен байланысты гипотеза.
Достарыңызбен бөлісу: |