Оқу түрткісі – ниеттену, түрткі, кірісу, жігерлену, ынталану, яғни әр оқушының білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері, оқушының білімді үйрену әрекеттерімен айқындалады.
Технологиялық карта –іс-әрекеттердің орындалу орнын, қолданылатын құралдар, уақытын, технологиялық нұсқаулар тізімі.
Тренинг – білімді, дағдыларды, әлеуметтік қызметтерді белсенді дамытуға, жетілдіруге бағытталған белсенді, қабілетті арттыруды үйретудің оқыту әдісі, шеберлік пен машықты қалыптастыратын жаттығулар жиынтығы, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.