«Өлең деп өр көңілі тыншымаған» 1- жүргізуші :- Қайырлы күн,құрметті көрермен қауым! 2- жүргізуші



Дата06.01.2022
өлшемі14,5 Kb.
#15395
Байланысты:
Шара Аманкелді


«Өлең деп өр көңілі тыншымаған»

1- жүргізуші :- Қайырлы күн,құрметті көрермен қауым!
2- жүргізуші: - Армысыз,аса қадірменді,кеш қонақтары
1- жүргізуші: -«Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші, киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүргенінде мезгілсіз өмірден озған жерлес ақын Аманкелді Бердіғалиевтің шығармашылығына арналған «Өлең деп өр көңілі тыншымаған» атты 6-сыныптардың «Мөлдір бастау» мәнерлеп оқу үйірмесіне қатысып , дарынын шыңдап жүрген оқушыларының әдеби-сазды кешін бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің арнайы шақырылған қонақтарын таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Шандоз апай- ақынның жақын қарындасы, зейнеткер ұстаз.

Айсекер апай- ақынның көзін көрген зейнеткер ұстаз.

Түймеш апай- ақынның келіні

Ақдәулет-ақынның інісі, зерделі ақын

Және мектебіміздің абыройын аудан, облыс көлемінде асқақтатып жүрген жас ақындарымыз -Иманғали мен Аманбек те осы кештің қонақтары.

1-жүргізуші: Ақын деген аспанның асты мен жердің үстіндегі ең қастерлі, ең киелі, ең ұлы атау! Өйткені ақындық – кәсіп емес, мансап та, тіпті мамандық та емес. Ақындық – табиғат сыйы, құдайдың құдіреті. Ақындық оқуы деген оқу жоқ. Ақын іштен туады. Талант тумысынан дейтініміз де сондықтан.


1- жүргізуші:
- Ақын Бердіғалиев Аманкелді 1942 жылы Тұрғызба селосында дүниеге келген. Осы ауылдағы 7 жылдық мектепті аяқтаған соң, 8-сыныптан бастап Шоқпартоғайдағы орта мектепте білімін жалғастырады. Тұрмыс тауқыметіне байланысты жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндігі болмады. Әкесі ақын Қазиев Бердіғали Ұлы Отан соғысына қатысып ,майдан даласында жау қолынан мерт болады. Аманкелді қаршадай шағынан еңбекке араласып, аяулы анасының қолғанатына айналады. «Ембі» кеңшарында шопан, аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарған. Жыр, очерк, публицистикалық шығармалары республикалық, облыстық, аудандық басылымдарға жарияланған. 1974 жылы өмірден өткен.


2- жүргізуші:
Аманкелді қай салада жүрсе де қолынан қаламын тастамай, өміріне серік еткен.
Оның туындыларының басты тақырыбы туған жерді сүюге, адамгершілік тәрбиесіне,өзара сыйластыққа арналған.

1- жүргізуші:Мектебіміздің мақтанышы орындауында « » әнін қабыл алыңыздар.

2- жүргізуші:

Табиғат алақаны аялап өсірген Ақын аға жүрегінде поэзия сазы ерте дүрсіл қаққаны сөзсіз. Туған жердің көркейуі мен келісті келбеті ақын ағаның көрікті жырларына арқау бола білген.

Олай болса, ақынның өлеңдеріне кезек берейік.

2-жүргізуші  , әнге кезек берейік .Мектебіміздің жас әншісі орындауында « » әнін қабыл алыңыздар.

2- жүргізуші Домбырам мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме? Келесі кезекті күйші Ернарға берейік.


Жас ақындардың ақынға арнау өлеңдері.

1.Иманғали

2.Аманбек

1-жургізуші:Өлеңдерін тыңдай отырып, жасынан өлеңді серік еткен ақын ағаның шығармашылығынан біршама ой түйдік.

Ендеше келесі сөз кезегін кеш қонақтарына берейік.



2- жүргізуші: Жергілікті Ақын Аманкелді Бердіғалиевтің шығармашылығына арналған кешіміз мәресіне де жетті.
1- жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары, біз үшін уақыт тауып келіп, ақын туралы құнды деректер айтып бергендеріңізге ризалығымызды білдіреміз!

Мектеп басшысына сөз кезегін беру.


1.Мектеп директоры

2.Завучтар



------ орындауында «Қазақстан!» әні.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет