Тәрбие сағаты – белгілі бір тәрбие бағытында мәселелік, айтулы, т.б. тақырыпта тәрбиелік іс-шаралар жоспарын жасау мен ұйымдастыру.
Сынақ тәрбие сағаты – тәрбиелік іс-шараны ашық сынақ сабағы ретінде мектеп ұжымы, әдіскерлер мен студенттердің қатысуы мен талқылауына ұсынатын тәрбиелік іс-шара.
Сынақ тәрбие сағатын талқылау өлшемдері:сабақ мақсатының анық, әрі айқын болуы; оқушылардың өз бетімен және өзара жұмыс істеуіне мүмкіндік беру; түрлі әдістердің қолданылуы; проблемалық ойды көтерудің; сыни ойлауды дамыту; өмірден мысалдардың келтірілуі; АҚТ құралдары, көрнекіліктер мен өзге де дидактикалық материалдар қолданылуы; жүріс-тұрыс (киіну, өзін-өзі ұстау т.б.) және сөйлеу мәдениеті; сынып белсенділігі; уақыттың дұрыс бөлінуі (тайм-менеджмент); оқушылар білімінің бағалануы; кері байланыстың болуы.