Педагогикалық диагностика – оқу-тәрбие процесін тиімді ету мақсатымен оның алғы шарттары, жағдайы, себептері, нәтижесі зерттелетін іс-әрекет
Педагогикалық диагностика әдістері - жалпы ғылыми (бақылау), әлеуметтік-психологиялық (сұрау, әңгіме, сұхбат, сауалнама жүргізу), психодиагностикалық (жеке сұрау жүргізу, тесттер, жобалау әдісі), педагогикалық (мектеп құжаттарын, еңбек өнімдерін меңгеру).
Педагогикалық диагностика әдістерінің түрлері:топтың бірлігін, сыныптың эмоциальдық ынтымақтастығын, сынып ұжымының эталондылығын, тұлғааралық қарым-қатынасын, т.б. анықтайтын әдістемелік топтары бар.
Социометрия –әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. «Социометия» термині латын тіліндегі: socius - дос, серіктес және mеtrum - өлшеу деген екі түбірдің қосындысынан құралған. Алғаш рет 1934 жылы ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен қолданылады. Социометрия - топтағы тұлғалар арасындағы қатынастардың сандық, графикалық, құрылымын айқындауға мүмкіндік береді.