Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі, нақтылық осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады. Оқушы өзінің жетістігі мен кемшілігі туралы ақпарат алады. Егер оқушы аралық жұмыстарды жеткілікті түрде жақсы орындамаса, оның қорытынды жұмысқа дейін уақыты бар. Сондықтан аралық жұмыстардағы бағасы қанағаттанарлықсыз болса, оны оқушы өзіндік тәжірибелерін жетілдіруге берілген ұсыныс ретінде қабылданды. Себебі тоқсандық бағаны жинақтаушы бағалау негізінде қою ұсынылады. Тоқсан ішінде жиынтық бағалау үшін үш-төрт қорытынды жұмыстар жүргізіледі, оның нәтижесімен тоқсандық баға шығарылады.
Қалыптастырушы бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әзірлеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Қалыптастырушы бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері: бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түсуі.
Достарыңызбен бөлісу: |