Білім және ғылым министрлігі



бет2/6
Дата26.03.2022
өлшемі156,24 Kb.
#28908
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Амангелді А.Е Алғазы А.Ә әлеуметтану СӨЖ-4

2.1 Отбасылық құндылықтар

Отбасылық құндылықтарының мәуелі бәйтерегі ол ана. Ана өз ұрпағына дұрыс жолды меңзеп, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, рухани бай болуымызға, халық үшін жанымызды пида етуге септігін тигізеді. Шаңырақ құндылықтарының екінші бір сатысы жақындарымен жалғасын табады. Мәселен, жанұядағы ата мен әженің рөлі де айрықша. Олардың дүниеге деген көзқарастары мен өзіндік талғамдары жасы кіші балаға өнеге болары анық. Кішкентай кезінен атасының, не болмаса әжесінің айтқандарына құлақ түретін ұрпақ болса, оның арты тек жақсылыққа әкеледі. Тәлім-тәрбиенің негізі ата-анадан кейін қастарындағы жақын адамдардан үлгі алу арқылы қалыптасады, өзіндік жеке ұстанымдарды дамытуға септігін тигізеді. Сол бір сәтте баланың жанына демеу бола тұрып, оған тәрбиенің дұрыс берілуін қадағалау маңызды рөл атқарады. Тәуелсіздік алған кезде отбасы құндылықтарын нығайту жөнінде бірқатар шаруалар атқа­рыл­ған еді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саналы да білім­ді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы жағдайын қалыптастыруға бағыт­талған сындарлы саясатының нәти­ж­есінде, ана мен баланы қолдау бойын­ша бағдарламалық құжаттар мен гендер­лік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Сонымен қатар, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл са­йын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиынға соқпайды. Осындай мақсаттарға арналып, 2017 жылғы республикалық бюджет қорынан 149,7 млрд теңге қаржы қарастырылған, әрі он жыл сайын кемінде 15%-ға артып келе жатқаны жасырын емес. Әр жылы тұрақты түрде өткізіліп тұратын «Мерейлі Отбасы» бай­қауын­да еліміздегі ең үлгілі саналатын отбасы­лар­дың тағылымға толы өмірлері насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да, елімізде дәстүрге айналып кетті. Әлбетте, отбасылық саясаттан бөлек,араша тұрған отбасылық құндылықтарды да ұмытуға болмайды. Ол халқымыздың тарихымен бірге сабақтасып келе жатқан отбасылық дәстүрлер, этикасы мен мәдениеті болып табылады. Жанұяның қалыптасып, дамуына қоғам­ның қалыптасуының рөлі айрықша маңызды саналады. Отбасы құндылықтарына негізделген салт-дәстүрлерді ұлықтау - әр шаңырақтың өзіндік міндеті болып саналады. Кез келген жанұяның өзгелерден ерекшеленетін құндылықтары болады. Олар бұрыннан келе жатқандар немесе жаңадан пайда болғандар да болуы мүмкін. Алайда, отбасыдағы құндылықтардың негізі махаббаттан, сенімнен, өзара түсіністіктен бастау алып, алдағы өмірде де жалғасын табады десем, жаңылысқандық болмас. Өйткені, олар ғасырлар бойына маңызын жоймайтын құндылықтар. Осы бір құндылықтарды әрбір отбасы көздерінің қарашығындай сақтап,қастерлеп жүретін болса, нұр үстіне нұр болар еді. Кейінгі ұрпақ тәрбиесінде де орасан зор рөлді иемденетіні сөзсіз. Кез келген бүлдіршін - ата-анасынан, тума-туыстарынан және жақын адамдарынан үлгі алып жүреді. Сол себепті, ертеңгі өмірдің болашағы, яғни жас балаға тәрбиенің мәнділігін, оның қаншалықты маңызды екендігін үнемі түсіндіріп отыру қажет. Ғасырдан ғасырға, жылдан жылға дәстүр болып жалғасын тауып келе жатқан отбасы құндылықтарының мәнін кетірмей, керісінше өркендеп, алға басуына септігімізді тигізейік. Отбасылық құндылықтарды қастерлеп, оларға кір келтірмей жүру - барша халықтың басты парызы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет