ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультеті: география және табиғатты пайдалану
Кафедрасы: география кафедрасы
Мамандық: Жерге орналастыру
СӨЖ
Тақырыбы:Қоғамдық сананың жаһандануының отбасындағы ұлттық құндылықтарды сақтауға әсері
Тексерген: Социология ғылымдарының докторы, профессор- Мәнсия Сапарғалиқызы Садырова
Орындаған: Амангелді А.Е
Алғазы А.Ә
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Отбасылық құндылықтар
2.2 Отбасы және неке туралы түсінік
2.3 Отбасының әлеуметтік институт ретінде өзгерістерге ұшырауы
2.4 Жаһандану жағдайындағы отбасы
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Қазіргі уақытта жаһандану үдерісі экономика мен саясатты ғана емес, мəдени-əлеуметтік саланы да қамтып отыр. Қазіргі əлеуметтік теориядағы жаһандану ең өзекті тақырыптардың қатарында тұрғандығы мəлім. Бұл сұрақты анағұрлым терең қарастырған ғалым – Роланд Робертсон. Біздің пікірімізше, дəстүрлік жəне оны құраушылар – дəстүр, əдет-ғұрып, риту- ал, қағидалар, құндылықтар болып табылады. Қоғамның модернизациялануы мен елдің дəстүрлік формасына үйлесімсіз патерналистікподдандық саясат, шашқыш-жыртқыш экономика, қу жазалаушы құқық, үстемдік етуші ұлттық мəдениет, қабілетсіз əлеуметтік өмір - саясаттану мен əлеуметтанудың назар аударатын объектісіне айналмай отыр. Бұл ғылымда дəстүрліктің жеңуі, мемлекетте адам факто- ры мен адам капиталының алғашқылығын қалыптастыру, мемлекеттік орталықтанған парадигмадан социоорталықтанған парадигмаға ауысу концепциялары жасалған жəне ұсынылған емес.Әрбір жеке адам – қоғамдық сана ұғымын қалыптастырушы. Сондықтан бұл жерде сана ұғымына бөлек тоқталғанымыз жөн. Жалпы сана ұғымы менің ойымда резонанс тудыратын мәселе. Себебі көптеген адам дәл осы сана-сезімнің жетпеуіне байланысты өмірдің түрлі жолында шалыс басып жатады. Сана дегеніміз – бұл жеке адамның псиxологиялық жай-күйі. Бұл біздің барлық руxани ойларымыз бен сезімдеріміз, алған тәрбиеміз бен әлемде болып жатқан түрлі оқиғаға деген көзқарасымыздың жиынтығы. Адам – әлемдегі ең ақылды тірі ағза. Басқа тіршілік иелеріне қарағанда адамдардың санасы 100 есе жоғары десек болады. Біздің дәл осындай жағдайда өмір сүріп отырғанымыз адам санасының арқасында. Дәлірек айтқанда, қазір адамға өмір сүруге барлық қолайлы жағдай жасалған. Мысалы қарапайым адам тұрмыс тіршілігіне қажетті заттар, түрлі теxникалық жабдық, тіпті роботтарға дейін ойлап табудың түп негізінде адам санасы жатыр. Міне, сондықтан сана ұғымының адамзаттың өмірінде алатын рөлі ерекше. Жеке адамның санасы дами келе қоғамдық сана ұғымы пайда болды. Менің түсінігімдегі қоғамдық сана – бұл белгілі бір аймақта немесе мемлекетте қоғамды қалыптастырушы адамдар тобының жалпы негіздегі сана-сезімдері. Кез келген қоғамда өмірге деген көзқарасы ұқсас адам тобы болады, міне осы адам тобы қоғамдық сананы қалыптастырады. Жалпы қоғамдық сананы қалыптастырушы негізгі принциптердің бірі – қоғамда болып жатқан оқиғалар.
Достарыңызбен бөлісу: |