Білім және ғылым министрлігі


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Pdf көрінісі
бет22/190
Дата08.09.2022
өлшемі1,52 Mb.
#38651
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   190
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
№ 
Тақырыптың атауы 

К
ІРІСПЕ 

Қазақстанның көне тарихы 

Қазақстан территориясындағы қола ғасыры (II –I мыңжылдық 
б.з.д.) 

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан (б.з.д.VII-IV ғғ.) 

Ұлы Дала аумағындағы прототүріктердің алғашқы мемлекеттік 
құрылымдары (б.з.б. ІV-б.з. Vғғ.) 

Ерте ортағасырлардағы Қазақстан

Қазақстан аумағындағы ІХ-ХІІ ғғ. түркі мемлекеттері

Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті 

Қазақстандағы XIII ғ. басы-XV ғасырлардағы этносаяси үдерістер 
10 
Қазақстан монғол империясы және Шыңғыс ұрпақтарының 
ұлыстары құрамында 
11 
Қазақстандағы моңғолдық дәуірден кейінгі саяси құрылымдар
(ХІV-ХV ғғ. ) 
12 
ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті. Дін. Өнер 
13 
XV ғасырдың ортасы – XVIII ғасырдың алғашқы үштігіндегі Қазақ 
хандығы 
14 
XVІІ ғасыр – XVIІІ ғ. алғашқы үштігіндегі Қазақ хандығы 
15 
XV ғасырдың ортасы -XVIII ғ. алғашқы үштігіндегі дәстүрлі қазақ 
қоғамы 
 
 


26 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 
Курстың мақсаты: Қазақстанның ежелгі кезеңінен ХVІІІ ғ. алғашқы 
үштігі аралығындағы тарихи үдерістердің негізгі заңдылықтары мен 
ерекшеліктерін Евразия тарихы контекстінде көрсету. 
«Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы» курсының алдына 
қойған міндеттері: 
- студенттерді қазіргі кездегі Қазақстанның тарих ғылымында 
қабылданған 
кезеңдеу 
негізінде 
хронологияны 
сақтап 
ауқымды 
фактологиялық материалдармен таныстыру; 
- түркі өркениетінің дамуын, ежелгі және орта ғасырлардағы 
Қазақстан тарихына Ұлы Жібек жолының ықпалын көрсету; 
- Қазақстан 
медиевистикасындағы: моңғол шапқыншылығының 
салдарлары мәселелері бойынша, Ақ Орда және Көк Орда туралы тарихи 
концепциялар, қазақ халқының этногенез мәселесі бойынша, көшпелі 
халықтар мемлекеттілігінің сипаты туралы және т.б. тұжырымдар туралы 
түсініктерді қалыптастыру; 

Қазақтардың ұлттық мәдениетінің қалыптасуының өзіндік 
ерекшеліктерін көрсету және студенттерді қазақ халқының материалдық, бай 
рухани мәдениеті мен дәстүрлі ауызша тарихымен таныстыру; 
Курстың негізгі міндеттері және мәселелері. Қазақстан тарихы- Еуразия 
халықтары тарихының құрамдас бөлігі. Дүниежүзілік-тарихи үдерістердің
синхронды және диахронды зерттеу тәсілдері. Қазақстанның ежелгі және орта 
ғасырлар тарихын кезеңдеу. Қазақстан ежелгі және ортағасырлар тарихын 
зерттеудегі жаңа тұжырымдық-концептуалды ұстанымдар. XVIII ғасырдағы 
орыс зерттеушілерінің Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихын 
зерттеуі. Ш. Уәлихановтың еңбектеріндегі қазақтардың этногенезі, жүздердің 
құрылуы, рулық құрылым, қазақтардың орналасуы мәселелері. Н.А.Аристов 
еңбектеріндегі қазақтардың этникалық тарихы. В.В. Бартольдтың орта 
ғасырлардағы Қазақстан тарихының мәселелерін зерттеуге қосқан үлесі. ХХ 
ғасырдағы Қазақстан тарихын зерттеудің даму ерекшелігі. Соңғы 
онжылдықтардағы ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның этносаяси 
және әлеуметтік тарихын зерттеу. Осы кезең бойынша негізгі деректер. 
Олардың классификациясы және типологиясы.
Типтік бағдарлама обьектісі - Ежелгі дәуірден ХVІІІ ғасырдың алғашқы 
үштігіне дейінгі Ұлы Дала деген атпен мәлім болған қазіргі Қазақстан 
аймағындағы тарихи үдерістерді студенттерге тиянақты баяндауды 
қамтамасыз ету. 
Типтік бағдарламаны дайындау барысында төмендегідей зерттеу 
әдістері мен тәсілдері басшылыққа алынды: 
-деректердің тарихи шынайылығын тарихи салыстырмалы зерттеу әдісін 
басшылыққа алу арқылы анықтау
-тарихи оқиғаларға тарихи-салыстырмалы және аналитикалық талдаулар 
негізінде баға беру; 


27 
-қазіргі тарих ғылымындағы және гуманитарлық ғылымдардағы жаңа 
көзқарастар мен тың ой-тұжырымдарды басшылыққа алу; 
-тарихи деректер мен пікірлердің обьективтілігі мен субьективтілігін 
айқындау. 
Студенттерге ұсынылып отырған Қазақстанның ежелгі және 
ортағасырлар тарихы пәнінің өзектілігі мен маңызы мынада: тарихшы 
мамандар мемлекет құрушы қазақ халқының этногенезін тарихи 
сабақтастықта жүйелі түрде баяндайтын зертеулермен тәуелсіздік тұсында 
ғана жүйелі түрде айналысуға мүмкіндіктер алды. Кеңестік кезеңде таптық-
формациялық методология тұрғысынан жазылған ғылыми еңбектерде ежелгі 
дәуірдегі этникалық құрылымдардың (мысалы, ғұндардың, сарматтардың, 
сақтардың, үйсіндердің және қаңлылардың) бүгінгі қазақ халқын 
қалыптастырудағы алғышарттық тарихи орны мен рөлі нақты айқындалмады. 
Осы себептен өткен ғасырлардағы үдерістерден тарихи сабақтастықты 
іздестіру қолға алынбады. 
Ежелгі жане ортағасырлық тарихымызда Қазақстан жерінде байырғы 
дәуірлерде мекендеген халықтардың қазіргі қазақ халқын қалыптастырудағы 
орны мен маңызы жүйелі түрде баяндалуы керек. Тарихымызда әртүрлі 
тайпалық одақтар шын мәнінде қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың 
тарихи бастаулары болып табылатыны айтылуы керек. Осындай тарихи 
сабақтастық ескерілмегендіктен де кейбір шетелдік зерттеулер қазақ 
халқының тарих сахнасына шығуын қазақ этнонимі пайда болған ХҮ 
ғасырдың ортасынан бері қарай ғана қарастырады. Сондықтанда ендігі жерде 
Ежелгі Қазақстан тарихы пәнін оқып-үйренуде осы кемшілікті жоюға 
көмектесетін жаңа зерттеулер мен соны ой-пікір, тұжырымдар басшылыққа 
алынып, қазақ халқының ежелгі этникалық тарихы кейінгі тарихи кезеңдермен 
байланыстырыла баяндалуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет