1.1. Ғылымның танымдық философиялық мәні.
Философияда ғылым ұғымының бірнеше түрлерiн: ғылым-ұғыну әрекеті ретiнде әлемді танудың негiзгi түрi, әлеуметтік институт ретiнде бөлiп айтуға болады. Ғылыми әрекет жаңа білім алуға мақсаты бар бұл когнитивтi (танымдық) әрекет. Егер өндiрiстiк әрекеттің соңғы өнiмi тауар болса, онда ғылыми әрекетте- ғылыми деректер, болжамдар, теориялар түрiндегi жаңа білім, ғылыми әрекеттің басқа әрекет түрлерiнен түпкi айырмашылығы – жаңа білім алуға бағытталғандығы. Өндiрiстiк әрекет саласында бір өнім көп рет өндiрiледi, бұл ғылыми әрекетке тəн емес. Ол үнемi жаңашылдыққа, белгiсiздiкке бағытталады және сол үшін тіршілік етеді. Ғылыми әрекеттің белгiлi құрылысы бар; зерттеу субъектісі, зерттеу нысаны мен мәнi, зерттеу құралдары мен әдістері, зерттеу нәтижесі.
Зерттеу субьектісі зерттеуші тұлға, зерттеу субьектiсi деп тек жеке ғылыми қауымдастықты (Т.Кун) да айтуға болады.
Зерттеу нысаны-ғылыми қауымдастық пен зерттелетiн шындықтың бөлiгi. Ғылым көп түрлі барлық әлемді тануға бағытталған, бірақ шынайы тәжірибеде тану белгiлi сала бойынша жүргiзiледi. Ғылым ғылыми әрекет тәжiрибесi көрсеткендей, тарылмай керiсiнше, кеңейе беретiн танылмаған сала бар екендігін түсінеді. Былай айтқанда, көп бiлген сайын, танылмаған, белгiсiз салаға тереңірек үңілеміз. Тану мәнi-тану нысанында зерттеп, үйренетін қасиеттер мен заңдылықтар. Таным нысаны өз көлемі мен мазмұны бойынша таным мәнiнен кеңірек, яғни тану нысаны белгілі тұтастык (бүтiндiк), ал тану мәнi осы тұтастықтың бөлігі. Бір нысанға қатысты бірнеше тану мәнi болады. Мысалы белгілі тұтастық ретiнде әр түрлi ғылымның: экономикалық, әлеуметтану және тағы басқа ғылымның зерттеу мәнi болып табылады. Бұл ғылыми білімді саралау қажеттiлiгiне, толық негiзi бар шағын мамамандықтың ууын әкеледі. Алайда ғылыми танымның белгiлi сатыларынд синтетикалык жалпыламаның, ғылымның интеграциясы қажеттілігі туындайды, бұл әрине тану нысанындағы жетістік болып табылады. Бұнда ғылыми әрекеттің бiр зандылығы көрініс табады. Нысанды бiрден тану мүмкін емес. Сондықтан оны бөліктерге бөліп, зерттейдi (әрине ойша). Бұл бөлiктердi (бөлшектердi) тануда және олардың табиғатын тереңірек зерттеуде ғылым бүтiндiгi тануға өту қажеттiлiгiне кездеседі, бұл таным нысаны туралы жаңа сапалы білімді береді. Ғылыми әрекеттегі қазiргi жетістіктер таным тұтастығынан өтумен байланысты, сондықтан приоритеттi бағыттар деп «ғылым шыңында» жүргізілген зерттеулер айтылады. Мысалы, химия, биология, биогеохимия және тағы басқа сияқты белгiлi ғылымдарды айтуга болады.
Ғылыми әрекеттің үш негiзгi моделi: эмпиризм, теоретизм, проблематизм оның жан-жақтылығын көрсетеді. Эмпиризм – ғылыми әрекет зерттеу мәнi туралы эмпирикалық деректерді алудан басталады, одан соң индуктивтік жалпылауға әкелетiн оларды логикалық – математикалық өңдеу болады. Ғылыми әрекеттің бұл моделін Ф.Бэкон, Ст Джевонс, Г.Рейхенбах, P Карнап және тағы басқа ғалымдар жақтаған. Қазiргi ғылым философтары бұл модельге қарсы - ол әмбебап емес, iшкi кайшылары бар.
Теоретизм - эмпиризмге тiкелей карама-кайшы мәндi; ғылыми ойлаудан жалпы ой - ғылыми әрекеттің негізгі шыққан пункті дегенді ұстанады. Эмпирикалық тәжiрибе негізгі теоретикалық ойды нақтылау кұралының бiрi болып табылады. Ғылыми әрекеттің мұндай түсiнiгiн Р.Декарт, Г.Гегель. А.Уайтхед, қазiргi философия мектептерінде Дж.Холгон, И.Лакатос және тағы басқалар дамыткан.
Прагматизмдi ғылыми әрекет модель ретiнде К.Поппер көрсетті. Бұл модельге сәйкес ғылым кандалык танымдық мәселелерді шешудің спецификалық әдісі болып табылады. Бұндай әрекеттің негiзгi пункті ғылыми мәселе қалыпта эмпирикалық немесе теоретикалық сұрақ болады, ол ғылыми тілде жаңа эмпирикалық немесе қағидаттық (теоретикалық) ақпаратты алуды талап етеді.
Қазiргi философиялық жəне ғылыми ортала пiкiр-таластар туындауда: Ғылыми және ғылыми емес деп санау. Бұл мәселеде барлығы тусiнiктi, анық емес, мысалға ғылыми және ғылыми емес арасындағы айырмашылықтар кандай өлшем тұрғысынан каралады, сонымен бiрге ғылым да бiр тарапты емес. Ол Ғылымның рөлі өлшемдерін ұстанатын, әртүрлi гылыми мектептерге бөлінген «Ортоксальды» ғылым бар, жаңашыл көзқарастарды ұстанатын ғғылыми мектептер де бар. Консерватизм ғылымның өзiне қажет, себебi бұрынғы позицияларды сақтап қалу ға және оларды бекіте түсуге ықпал етуге қажет, бірақ ғылымға сондай- ақ шығармашылық даму, алдыға жылжу ушiн жаңа ойлар қажет.
Осыған байланысты Вернадскийдiң көзқарасы қызығушылық туғызады. Адами ойдың тарихында мистикалық көру және айту орын алған. Ғылыми ортада бұл мәселе басқаша қабылданады. Вернадскийдің пікірінше, мистикалық ойларды есепке алу қажет, себебі оларда болашақ әлемді тану, болашақ ғылым элементтерi көрінуі мүмкін.
Егер ғылым өзінің ғылымға белгілі болғандығын ұстанса, онда жаңашылдық ғылымның шығармашылық сипатын ұмытты деген сөз, шығармашық сипатқа шектелген тақырыптар мен кұбылыстар жоқ.
Қазiр ғалымдар ғылымда шындықты басқа шындықпен ажырата қарастыру оймен шектелмеуi керек деген көзқарасты ұстануда. Қазiргiлерден өзiнiң космостық негiздерi кең таралған бұрынғы ғалымдардың ойын есепке алу коп кездеседі.
Мұнда бұрынғы зерттеулер мен Жаңа Заман дәуiрiнен бастау алатын ғылымның арасындағы маңызды айырмашылықтарға назар аударған жөн. Бұрынғы мәдениеттегі рухани ғылымның мақсаты – мәңгілік өмір, өзін-өзі тануды iздеу болса, казiргi ғылымның мақсаты Космос зандарын, заттық энергетикалық шындық заңдарын танумен қолдануға байланысты прагматикалық міндеттер болып табылады.
Жаңа Заманның бастапқы кезеңінде екi ментальдык құрылым болды: бірі ғасырдан ғасырға жалғасқан, екiншiсi өз негiздерiн ендi анықтаған, ендi туып келе жатқан құрылым. Сол уақыттың ғылым танушыларына осы екi ментальдык құрылым әсер еттi. И.Ньютонның пiкiрiнше, Құдай кейбiр таңдауды адамдарға ғана натурфилософия мен дiн құпияларын ашқан. Кейіннен бұл бiлiм жоғалып барып, қайта табылған және мифтер мен ертегілерде көрiнiс тапқан, бірақ тәжірибелер мен ғылыми әдiстердi көмегімен ғылыми қайта тууы мумкін.
Достарыңызбен бөлісу: |