БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазіргі ғылым философиясындағы тұжырымдамалар
ОРЫНДАҒАН: Сағындықова Ш.С. 7М01505-География 1 курс магистранты
ТЕКСЕРГЕН: Кудайбергегова Н.Ж.
Кiрiспе
Ғылым философиясы ғылыми бiлiмнiң сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды мiндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімін қалыптастырушы ерекше қызмет ретiндегi ғылыми танымның заңдылықтары мен бағдарлары табылады.
Ең алдымен философияны ғылымға жақындастыратын жақтары қандай? Ғылым салты философия да өз кағидаларын фактілермен де, логикалық уәждермен, далелдермен негiздеуге ұмтылады. Өте сирек, кейбiр ойшылдардың жүйесiнде айтылатын қорытындылар өзінен-өзi тiкелей дау туғызбайтын, ақиқаттарда жарияланады. Бұл философияда жалпы бар қасиет, бірақ философиялық түзеудiң бiрден-бір жолы емес. Сонымен қатар философияны айрықша айшықтайтын ерекшелік өзiнiң бiршама тарихында барлық философиялық жүйелер бiрiн-бiрi толықтырып жалғастыратын тұтас бір жүйеге айналған жоқ. Әрбiр философиялық жүйе тұйықталған әрi анықталған, басқа жүйелермен толық бірге айналмайтын көзқарастардың жүйесі. Философия ғылым сияқты өмірдегi бар, болып отырған қатынастарды, болмысты, оның заңдары керак бейімдеуді негізге ала отырып, бірақ түпкі мақсатын, бағытын, болуға қажетті болуға лайықты, болуы мүмкін, тiптi болуы парыз нәрселерге арнайды.
Ғылымның мұраты бар тылсымның сырын айқындау, барлықтың ақиқатын ашу, соның негiзiнде сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе мiндеттi түрде шығатын, шыға алатын нарселерді аныктау. Ғылымдар өмірде жоқ нәрселерді, өмірдің формаларын айнымас заңдылықтарын негiзiнде болжап, тіпті айқын бейнесін жасап бере алады. Бұл бірақ көбінесе табиғат пен когамнын бар зандылықтарына байланысты. Адам ғылыммен құрдан-құр айналыспайды. Адамның өмірі әртүрлі проблемалар және күрделi мәселелермен тығыз байланысты. Оларды меңгеру үшін адамға бiлiм керек, ал ғылымның дамуы жайлы атап өткендей, егер де ғылыми оқулықтар да назар аударған теория мен методтарды фактілердің жиынтығы ретiнде қарастырсақ онда ғалымдарды осы аталған жиынтыққа қандай да азды-көпті үлестерін қосушығар деп бағалау керек болады. Рухани мәдениеттің ешбiр саласы қоғамға ғылым сияқты елеулі жане динамикалық әсер етпейді. Ғылым - қажеттiлiктен туындайтын зерттеу обьектiсi. Біздің заманымызда ғылым бiрден бiрнеше пәндер, яғни тарих, әлеуметтану, экономика, психология және т.б. ретiнде назарға ұсынылган. Бұлардың iшiнде ғылым философиясы жане оның тарихы ерекше орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |