Білім және ғылым минстрілігі



Дата06.01.2022
өлшемі27,71 Kb.
#12952
Байланысты:
Дамир баяндама


Білім және ғылым минстрілігі

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

Қаржы және менджмент кафедрасы


Баяндама
Пәні: Құқық және сыбайластық-жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Тақырыбы: Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Орындаған: Капаров Д.Е Фс-19К

Ғылыми жетекші: Ахмет.Б

Петропавл 2020ж

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының

маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания

сияқты еуропалық елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі,

құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық

нормаларды сақтауы – мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің

кепілі.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын

қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа

қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай

нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға

болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып

саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке

алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарамақайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді.

Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі

Грузияның мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

тәжірибесі бірегей және табысты, оның көптеген аспектілері бейімделген

және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде қолданылады.

Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық

салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын

дерлік алу үшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен

бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқу

орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған

шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын

күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген

көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне

біршама жақындады деп атап көрсетеді» [1].

2014 жылы «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты

қабылдау индексіне сәйкес Грузия әлемнің тіркелген 174 мемлекеті

арасында 50-орынды, ал 2004 жылы 85-орынды иеленді. Бұл кезеңде

әлемде тіркелген сыбайлас жемқорлық қысқартулардың ең күштісі.

Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің арасында Грузиядан тек қана

Прибалтика елдері озық тұр.

Мемлекеттік басқару құрылымын реформалау және Грузияда

сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтудың өзіндік шыққан жерін 2003 жыл,

Раушан революциясынан кейін және билік басына жаңа үкіметтің келуін

атауға болады. Стратегиялық құжаттар мен нормативтік-заңнамалық

актілерді әзірлеу негізіне америкалық, италиялық, жаңа зеландиялық

және британдық тәжірибе алынып, Бүкіләлемдік банк, МВФ және USAID

сияқты халықаралық ұйымдардың консультанттары мен сарапшылары

шақырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі

айырмашылығы репрессивті әдістермен қатар Грузияда превентивті-

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ

22

алдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққа



қарсы күрес ұсталған парақорлардың санымен емес, осындай

жағдайларды болдырмауға бағдарланады.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы

топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері

үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға маңызды

рөл берілетінін атап өту қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім негізіне мемлекеттік

қызметшілермен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне

этикалық нормаларды оқыту жатыр. Осы мақсатта халықаралық

ұйымдардың қолдауымен этика жөніндегі жаңа оқу-әдістемелік

материалдар әзірленді, осы саладағы табысты өнімдердің бірі – «Этика

және мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық ережелері»

оқу құралы болып табылады.

Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқалар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізумен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша

бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей

айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді

сарапшылар шақырылады.

ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын»

жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы

ашу барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай

мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады,

азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздырмайды. Әділет үйінде 15 минут ішінде баланың туу туралы куәлігінен

бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе

жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министрлігінің сайтында жазылса болғаны.

2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері

полиция мен жол инспекторларының штаты 85%-ға жаңартылды

және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар

деген барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге

отырғызылды. Полицияның беделін көтеру бағдарламасы енгізілді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды,

енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым

көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі.

Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері

пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды.

Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы

бұзушылықтар азайды.

3) Жүргізуші куәлігін алу рәсімдері де өзгеріске ұшырады. Грузияда

медициналық тексеруді алып тастады, дәрігерге барған уақыты мен

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:

ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

23

тексеру қорытындысы ортақ базаға енгізіледі. Техникалық тексеру де жоқ,



бұл рәсім де автокөлік жүргізушілерге қарағанда парақорларға пайдалы

деп шешілді. Жүргізуші куәлігін емтихандар тапсырып, бар болғаны

35 доллар баж салығын төлем (2011 жылғы мәліметтер) алуға болады.

Осы барлық рәсімдерді тәулігіне 24 сағат демалыссыз және мереке

күндерінсіз жұмыс істейтін ІІМ сервистік агенттігі атқарады. Автокөлікті

тіркеу 15 минут уақыт алады, оған нөмірді іріктеу мен кез келген банктің

өкіліне сол жерде 40 доллар төлеу кіреді.

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі деп

грузин үкіметі шенеуніктің еңбекақысын көтеру деп есептейді, себебі

оған қызметкердің мотивациясы тікелей байланысты. Полициядағы

еңбекақы, содан кейін барлық мемлекеттік аппараттағы еңбекақы

реформалау жылдары 15–40 есеге артты.

5) Реформалаудың бірінші кезеңінде министрліктердің саны

18-ден 13-ке, ведомстволардың саны 52-ден 34-ке қысқартылды.

Персоналдың саны 35-50%-ға азайды. Өрт инспекциясы, автоинспекция,

санэпидемстанциясы бөлек-бөлек жұмыс істеуін тоқтатты.

6) Салық жүйесіндегі реформалар. 25 салықтың орнына 6 түрі

қалдырылды. Кедендік баж салығы қысқартылды және 2008 жылы

толығымен алып тасталды. Жерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы

бағытындағы жерді жекешелендіруге мүмкіндік беретін заң қабылданды.

7) Білім беру жүйесіндегі реформалар. Реформа жүргізгенге дейін

әрбір университет оқуға қабылдау емтихандарын жеке-дара жүргізді.

Университетке «түсу» бірнеше мың тұрды. Қазіргі Білім беру министрлігі

барлық абитуриенттер үшін бірыңғай емтихан, анонимді, электрондық

база бойынша өткізеді. Содан кейін бірыңғай емтихан нәтижелері

бойынша абитуриенттер жоғары оқу орнына түседі [2; 3].

Грузияда болғанның бәрін басқа институционалдық және саяси

экономиялық жағдайлары елдерде қайталауға болмайды. Алайда,

Грузияның тәжірибесінен көптеген пайдалы сабақ алып, алдында

ауқымды әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жеңу бойынша осыған ұқсас

міндеттер тұрған басқа да елдердің жағдайына бейімделіп, қолданыла

алады.


Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары

2014 жылға Transparency International сыбайлас жемқорлықты

қабылдау индексіне (ИВК) сәйкес Сингапур 7-ші орынды иеленді және

Дания, Швеция, Жаңа Зеландия сияқты елдерден кейін сыбайлас

жемқорлыққа қатысты ең таза мемлекеттердің қатарында тұр. Бұл

ел жалпы рейтингі 100-ден 84 балл жинаған әлемнің ең аз сыбайлас

жемқорлық дендеген елдердің төртіншісі болып табылады.

Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті шабыттандырушы

және ұйымдастырушысы 1959-1990 жылдары премьер-министр

лауазымын атқарған Ли Куан Ю болды. 1999 жылдың қарашасында

Ли Куан Ю былай деген: «Беделіне дақ түспеген адал, тиімді үкімет

басқарушы партияның ең құнды жетістігі мен Сингапурдың басты

байлығы болып табылады және солай болып қалады».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең бірінші кезектегі шаралар

ретінде ел басшылығы мыналарды айқындады:

– қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы құру;

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ

24

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы барынша



дербес мемлекеттік орган (сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу

бюросы) құру;

– сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті

қатаңдату;

– мемлекеттік және муниципалдық қызметшілерге жоғары әлеуметтік

кепілдіктер белгілеу;

– басқарушылық кадрларының тұрақты және жоспарлы ротациясының

практикасы;

– сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша айғақтар берген адамның

және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне заңнамалық кепілдеме

беру;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті БАҚ-та кеңінен ашып



көрсету;

– заңдар мен нормативтік актілерге сыбайлас жемқорлық салдары

бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу.

Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес меритократия

қағидатына және конфуций этикасының негізгі канондарына

негізделген. Осы себепті дарыны мен қадір-қасиеті негізінде адам

капиталын тиімді пайдалану туралы қамқорлық, лауазымды тұлғалардың

шынайы жауапкершілігінің орныққан жүйесімен үйлесімде кадрлар

тағайындаудың ашық және сенім ұялататын жүйесін енгізудің терең

мәні бар. Сингапурдың көшбасшы өкілдерінің көпшілігі «адал және

параға сатылмаушылық қағидатын» өмірінің нормасы мен әдет деп

түсінеді.

Сингапурда күшті әлеуметтік бағдарланған сыбайлас жемқорлыққа

қарсы заңнама әрекет етеді. Жемқорлықты болдырмау туралы акті

мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын индекстеуді және тұрақты

арттырып отыруды, қағазбастылық кедергілерді болдырмау үшін

азаматтармен, кәсіпорындар және ұйымдармен өзара іс-қимыл

рәсімдерін жетілдіру, бақылау мен қадағалаудың тиісті ашықтығын

қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық орнықты байланыстарды

қалыптасуын болдырмау үшін кадрлар ротациясы, қызметтік ақпараттың

сыртқа шығып кетуін болдырмау үшін құпиялылық режимін қамтамасыз

етуді көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарларды және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нақты шараларын

(әрбір 3–4 жылда) қайта қарау көзделген [4].

Күштеп мәжбүрлеу ретінде айыппұлдар, бостандығынан айыру,

тәркілеу, жұмыстан босату қолданылады. Әрбір адам парақордың

өз бостандығына ғана емес, сонымен қатар өз ұрпағының табысты

болашағына да балта шабатынын түсінеді. Және тек бір ғана ұрпағының

емес, яғни бірнеше ұрпағының.

Мемлекет басшысы ұлттық байлықты қорғаушы, ірі сыбайлас

жемқорлық жанжалдарды қатаң және алдын ала тергеудің, ғылыми

негізделген кадр саясатын, атап айтқанда атқарушы және сот билігінде,

қарулы күштер мен полицияда жоғары лауазымдарға тағайындау

бөлігінде жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу бюросы. Оның құзырына

экономиканың мемлекеттік секторында, жеке секторда сыбайлас

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:

ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

25

жемқорлық көріністерін тергеу және жолын кесу, шенеуніктер



ортасында сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты тексеру, сыбайлас

жемқорлық тәуекел аймағын анықтаудың тиімді әдістерін әзірлеу және

басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қаншалықты бейімдігін

бағалау кіреді. Парламенттік сайлаулар, сайлау алды науқандары,

полиция мен инспекциялардың қызметі (тұрғын үй құрылысы, сауда,

денсаулық сақтау, жер құрылысы мен жерді пайдалану, лицензия беру),

мемлекеттік қызметшілердің және олардың туысқандарының банктік

есепшоттары Бюроның ерекше бақылауында болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформа аясында сот жүйесінің

кәсібилігін арттыру мен тәуелсіздігін күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді

[5]. Сыбайлас жемқорлық дендеген судьялар корпусы елдің ең үздік

заңгерлеріне алмастырылды, олардың арасында жеке адвокаттар көп.

Судьялардың қызметтік өкілеттіктері мен нақты іс-қимылдары қатаң

регламенттелді. Қағазбастылық рәсімдер жеңілдетіліп, қажетсіз рұқсаттар

мен лицензиялар алып тасталды. Қызметтік қатынастардың этикалық

стандарттарының сақталуын нақты қадағалау қамтамасыз етілді.

Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жазалау

шаралары қатаңдатылды.

Осы шаралардың барлығы мемлекеттің экономикаға араласуын

азайтумен, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыру және

білікті әкімшілік кадрларды даярлаумен ұштасты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік және муниципалдық

аппарат қызметшілерінің еңбекақысын арттырған соң нәтижелі болды.

Сингапурдың үкіметі былай шешті: полиция қызметшісі, қатардағы

кеңсе қызметкері де пара алу мен басқа да сыбайлас жемқорлық асыра

пайдалануға жол бермейтіндей еңбекақы алуы тиіс.

Сингапурдың мемлекеттік қызметі Азиядағы ең тиімділердің

бірі саналады. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны шамамен

65 000 адамды құрайды. Президент және премьер-министр, 14 министрлік

пен 26 тұрақты комитеттердің қызметтері жақсы оқыған және тәрбиелі

кадрлармен жасақталған. Бұл – адамның қабілеті, қызметін қазіргі

заманғы материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шенеуніктердің

қатаң тәртібі мен еңбекқорлығы, олардың қайсарлығы мен тұрақты

кемелденуге ұмтылуы негізінде қызметі бойынша ілгерілеу арқылы

қол жеткізіледі. Жоғары нәтижеге жету үшін жұмыстың құрамдас

бөлігі қызметшілерді тұрақты даярлау және олардың біліктілігін арттыру

болып табылады. Әрбір мемлекеттік қызметші жылына ең аз дегенде

100 сағат, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер

бойынша оқуы тиіс.

Сингапурдағы талант-менеджмент. Жоғарыға барар жол ең ақылды,

жаңаша ойлайтын және қабілетті адамдарға ашылады. Бұл үшін

Сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу жөніндегі бюро жауап

береді. Жұмысқа тарту мектептен басталады, одан әрі болашақ элитаны

жетелейді: университетке түсуге көмектеседі, шетелге оқуға және

тағылымдамаға жібереді, табыстарын көтермелейді. Сөйтіп, мемлекеттік

аппарат дұрыс оқыған және тәрбиелі кадрлармен біртіндеп жаңарады,



олардың көпшілігі Бюро қатарын толықтырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет