«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»



бет1/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
барлық эссе


«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170 – 200 сөз болуы қажет [20]

Елімізде түрлі заңдар бар. Ол заңның негізі адам құқығын қорғауға арналған. Соның ішінде болашағымыз саналатын жасаөспірімдерге арналған арнай заң бар екенін білеміз. Дегенмен, осы заңды білуде жасөспірімдер қаншалықты сауатты?


Жасөспірімдерге арналған әлемдік деңгейде «Бала құқығын қорғау конвенциясы», соның негізінде жасалған «Балалар құқығы туралы» заң елімізде бар. Менің пайымдауымша, адамның құқығын қорғау бала құқығын қорғаудан басталады. Ендеше, біздер қаншалықты өз құқығымызды білеміз?
Біріншіден, баланың жеке бас құқығын қорғайтын заңды қазіргі жасөспірімдер біледі деп ойлаймын. Үйде ата-анамыз түсіндірсе, мектепте түрлі шаралар мен сынып сағаттары ұйымдастырылып осы заңды талқылайды. Мектеп бағдарламасында «Құқық» деген пән енгізілгенін білеміз. Осы пәннің мазмұны жалпы адам құқығын қорғау, оның ішінде бала құқығын қорғау заңдарын да қамтиды. Мысалға, «Бала құқығын қорғау конвенциясының» тармақтарында: бала толық отбасында тәрбиеленуге, тегін білім алуға, денсаулығын сақтауға, өзін дамытуға құқылы делінген. Сонымен қатар, баланың жеке басына ешкімнің қол сұғуына құқығы жоқ. Баланы тілдеуге, ар-намысына тиюге, тіл тигізуге, физикалық күш, психологиялық қысым көрсетуге ешкімнің құқағы жоқ, ондай болған жағдайда баланы заң қорғайды. Десе де, үлкендер тарапынан қысым көрген балалар өз құқығын білмегендіктен, қорлауға жол беріп, өз денсаулығына, өміріне зиян келтіріп жатқанын көріп жүрміз.
Екіншіден, жасөспірімдер ата-ана, мектеп, ұстаз, қоғам алдындағы өз жауапкершілігін де білуі керек. Жасөспірімдердің сабақты босатпауына, түнгі уақыттарда ата-анасыз жүруіне, ішімдік, басқа да зиянды заттарды тұтынуынбауына, төбелес сияқты күш көрсету, өздерінен кішкентайларға зорлық-зомбылық көрсетуіне тиым салынған. Оны сақтамаған жағдайда жауапкершілікке тартылып, арнайы заң бойынша жазаланады немесе негізгі тәрбиешісі ата-анасына айыппұл салынады. Сол себепті, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары көптеп өткізіледі. Өйткені елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыс артып отыр. Өз құқығын білуде сауатсыз болу немесе басқа құқық бұзу сияқты нәрселер адамның өміріне балта шабады. Сондықан да өз құқығымызды білуде сауаттылық танытып, еліміздің заңына бағынып, саналы өмір сүргеніміз дұрыс емес пе?
Ойымды қорыта келе, өз құқығымызды білу бізді жарқын болашаққа бастайды деп түйіндеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет