Білім және ғылым


Полимерлердің төмен молекулалық қосылыстардан ерекшеліктері



бет3/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Полимерлердің төмен молекулалық қосылыстардан ерекшеліктері

Полимерлердің төмен молекулалық қосылыстармен салыстыр- ғанда бірқатар ерекше қасиеттері бар:

  1. Полимерлердің молекулалық массасы үлкен және макро- молекула тізбекті құрылымды, яғни макромолекуланың ұзындығы оның көлденең мөлшерімен салыстырғанда бірнеше есе үлкен.

  2. Полимерлер полидисперсті немесе полимолекулалы, яғни бір полимер ұзындықтары әртүрлі макромолекулалардан тұрады немесе буындар саны әртүрлі болады. Макромолекуланың ұзындықтары әртүрлі болса, олардың молекулалық массасы да әртүрлі. Сондықтан молекулалық масса полимерлер үшін тұрақты шама емес.

  3. Полимерлер тек қатты және сұйық күйде болады, оларды газ күйіне көшіру мүмкін емес.

  4. Полимерлер еру алдында ісінеді. Төмен молекулалық заттардан өзгеше қасиеті ерудің алғашқы сатысында біржақты диффузия болады, яғни еріткіш молекулалары полимер молекуласына енеді. Соның салдарынан полимер молекулалары бірнеше есе үлкейеді, тек содан кейін ғана ол ериді. Ал кейбір полимерлер мүлдем ерімейді, тек ісінеді.

  5. Ерітіндіден еріткішті айдап шыққанда, полимер кристалл түрінде бөлінбейді, қабыршақ (пленка) түзеді.

  6. Полимерлер ерітінділерінің тұтқырлығы өте жоғары.

  7. Қайтымды деформациялық қасиет тек полимерлерге тән, оны жоғары эластикалық қасиет дейді. Мұндай қасиеттер каучук пен резеңкеде анық байқалады.

  8. Полимерлердің химиялық реакцияларының төмен молекулалық қосылыстардың химиялық реакцияларынан өзгеше ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер полимердің тізбекті құрылысына тікелей байланысты. Соның әсерінен реакция жылдамдықтарының кемуі немесе артуы, қосалқы реакциялардың жүруі ықтимал.

Жоғарыда келтірілген ерекшеліктер жоғары және төмен молекула- лық қосылыстардың қасиеттерінде елеулі айырмашылықтар барын көрсетеді және полимерлердің ерекше күйдегі заттар екенін дәлелдейді.



    1. Полимерлердің жіктелуі



Заттардың қасиеттерін, зерттеулерді оңайлату үшін қосылыстарды әртүрлі топтарға бөледі.
Шығу тегіне байланысты полимерлер табиғи, синтетикалық және жасанды болып бөлінеді.
Синтетикалық полимерлерді төмен молекулалық заттарды, мономерлерді синтездеу арқылы алады. Жасанды полимерлерді табиғи полимерлерді химиялық өңдеу арқылы алады. Мысалы, целлюлозаның азот қышқылды эфирлері былай алынады:
[(C6H10O5)]n [C6H7O2 (OH)3]n + 3nHNO3

    1. [C6H7O2 (OH)2 ONO2]n + n H2O

2) [C6H7O2 (OH) (ONO2)2]n + 2n H2O
3) [C6H7O2 (ONO2)3]n + 3n H2O
Негізгі тізбектің құрамына қарай полимерлік молекулалар екіге бөлінеді: гомотізбекті және гетеротізбекті.
Гомотізбекті деп макромолекуласының негізгі тізбегі бірдей атомдардан құралған полимерлерді атайды. Егер ол көміртек атомдарынан тұрса, онда мұндай полимерлер карботізбекті деп аталады. Мысалы:
полиэтилен
H H H H

C C C C


H H H H
полипропилен


H H H H
| | | | C — C — C — C
| | | |
H СН3 H СН3
Егер молекуланың негізгі тізбегі кремний атомдарынан тұрса, онда полимер кремнийтізбекті болады:
CH3 CH3 CH3 CH3
| | | |
Si — Si — Si — Si
| | | | CH3 CH3 CH3 CH3
Негізгі тізбегі әртүрлі атомдардан құралған полимерлер гетеротізбекті деп аталады. Гетеротізбекті полимерлерге жай полиэфирлер, мысалы, полиэтиленгликоль және полиамидтер жатады:

H

H

H

H

|

|

|

|

C — C — O — C — C

|

|

|

|

H

H

H

H







O H O H O H
|| | || | || |
C — (CH2)5 — N — C — (CH2)5 — N — C — (CH2)5 — N
Макромолекула тізбектерінің құрылымына байланысты полимер- лер үш топқа бөлінеді: сызықты, тармақталған және торланған (үш өлшемді) (1.1-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет