Білім және ғылым



бет68/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

5.28-сурет. Ньютондық емес сұйықтардың әртүрлі тәсілмен тұтқырлық қасиеттерін сипаттау

шекті мәніне жеткенде ғана жүйеде идеал сұйық тәрізді ағу болады. Мұндай сұйықтар бингамдық деп аталады.


Ньютон заңының математикалық өрнегін логарифмдік координа- тада әртүрлі етіп көрсетуге болады. Алдымен 5.28-суретті (а)

қарастырайық. lg  және lgστ мәндерін бірдей масштабта саламыз. Бұл қисық S-пішіндес. Жылдамдық пен кернеудің төменгі және жоғары мәндерінде олар өзара тура пропорционалдық тәуелділікте болады.
Мұндай тұтқырлықты ең үлкен және ең кіші ньютон тұтқырлығы (η0 және ηмин ) деп атайды.
Ең үлкен ньютон тұтқырлығын бастапқы тұтқырлық деп те атайды.
Ағу қисығының ортадағы қисық сызықты аралығы құрылымдық тұтқырлықты білдіреді. στ және γ бір мәндерінен басқаға ауысқанда ығысу кернеуінің әсерінен полимер құрылысында өзгерістер пайда болады.
Ағу қисықтарынан басқа да тәуелділіктер жиі қолданылады, мысалы, lgη – lgστ немесе lgη – lgγ координаттарында (5.28-сурет а,б).
5.28(б)-суреттегі қисықтың бастапқы бөлігінде ағу кезінде тұтқырлықтың мәні өте жоғары, оны η0 деп белгілейміз, бұл ең жоғарғы ньютон тұтқырлы екенін жоғарыда келтірдік.
Кернеуді арттырсақ, ығысу жылдамдығы да артады, содан ағу облысына көшеді. Мұнда ығысу жылдамдығы өте жоғары болғандықтан полимердің құрылымдық бөліктері ыдырайды да, тұтқырлық күрт төмендейді.

στ мәнін өсіре берсек, белгілі бір сәтте

артқанда, тұтқырлық

өзгермейді. Бұл тұтқырлық ең кіші ньютон тұтқырлығы ηмин деп аталады.


lgη – lgστ тәуелділік қисықтары lgη – lg тәуелділік қисықтарына қарағанда, тіктеу келеді. Осы суреттерде келтірілген барлық ағу қисықтары эквивалентті түрде полимер қасиетерін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет