6.20-сурет.Полимерлік гельді қыздырғандағы коллапс құбылысы
Полимерлік гельдердің табиғаты мен құрылымына сәйкес келтірілген күштер әртүрлі дәрежеде ісіну-жиырылу құбылысына әсер етіп, өте бағалы қасиеттерге себепкер болады.
Полимерлік гельдерді осындай ерекше қасиеттері үшін «ақылды материалдар», «сезімтал материалдар» («Smart or intelligent moterials»,
«resporensive gels») деп те атайды. Бұл гельдердің ең негізгі ерекшеліктері − қоршаған ортаның әсеріне сезімталдығы. Соңғы жылдары сезімтал полимерлік гельдердің түрі мен саны, сондай-ақ гельдерге мұндай қасиет беретін түрткі-сезімтал (түрткі-стимул) топтардың көбеюі игі әсерін тигізуде. Бастапқы кезде «түрткі» қызметін температура немесе еріткіштің термодинамикалық сапасы атқарған болса, қазіргі кезде ондай факторлар сандық және сапалық жағынан айтарлықтай байыды: ортаның рН-ы, жарықтың күші, электр және магнит өрістері биохимиялық активті қосылыстар және т.б. Осыған орай әсер етуші түрткінің түріне қарай рН – сезімтал, термосезімтал, ион-сезімтал, жарық сезімтал, т.с.с. гельдер деп бөлінеді.
рН-сезімтал гельдерді алу үшін әлсіз немесе күшті қышқылдық және негіздік функционалдық топтары бар мономерлер қолданылады (6.5-кесте)
6.5-кесте. Гельалудақолданылатынмономерлер
Қышқылдық гельдер сілтілік ортада ісінеді де, қышқылдық ортада жиырылады. Негіздік гельдер болса, керісінше, сілтілік ортада жиырылады да, қышқылдық ортада коллапсқа ұшырайды. Ал, амфолиттік гельдер изоэлектрлік нүкте маңында барынша тығыз- далып, одан жоғарғы және төменгі аймақта сәйкес функционалдық тобының иондануы бойынша ісінеді. Көрнекілік үшін қышқылдық және негіздік топтары бар гельдерге ортаның рН-ы әсері 6.21-суретте келтірілді.